Қопадағы оқушы өліміне қатысты іс жабық режимде қаралады
Фото: Ардақ Ерубаева / Orda.kz
Ақтөбе сотына алты оқушыны күзетпен әкелді. Олар 14 жастағы Нұржан Сыдықтың өліміне қатысты күдікті. Іс 23 томнан тұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін Ақтөбе облысы Қопадағы оқушы өліміне қатысты сот тыңдалымы басталды. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот залы лық толды. Ондаған қорғаушы, жәбірленуші мен сотталушылардың туыстары келді.
Қылмыстық іс үш бап бойынша қаралады: ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі, 293-бабының 2-бөлігі және 28-бабының 3-бөлігі бойынша заңбұзушылықтар зерделенеді.
Арнайы күзет күдіктілерге арналған орынға 6 оқушыны әкелді. Прокурор мен айыптау тарапы кәмелетке толмаған оқушылардың қылмыс жасағанын ескеріп, істің жабық өтуін сұрады.
Ақтөбе облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 24-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотталушылардың кәмелетке толмағандығын негізге ала отырып, істі жабық түрде қарау туралы шешім қабылдады.
Ал жәбірленуші тарап сот тыңдалымын ашық қарауды талап етті. Олардың айтуынша, іс бойынша өздерімен бірге 12 бала жәбірленуші ретінде танылған.
«Бұл тек менің бауырымның ісі емес, бүкіл қоғам үшін өте ауқымды мәселе. Егер мұндай қатыгездікке көз жұма қарай берсек, ертең кез келген ата-ана осындай жағдайға душар болуы мүмкін. Біз заң органдарынан істі әділ тергеп, кінәлілердің лайықты жаза алуын талап етеміз. Сот ашық өтуі керек. Бауырым аяусыз соққыға жығылды, сол соққының салдарынан көз жұмды. Оқиға кезінде оның қасында 18 оқушы болған, олардың арасында спорт шеберлері де бар. Өкінішке қарай, сол жерде ата-анасына хабар бермей, балаларды үркітіп-қорқытып, бала жан тапсырды. Жедел жәрдем келгенше ол қайтыс болып кетті. Жәбірленуші тарап ретінде 9-сыныптың 7 оқушысы, 10-сыныптың 5 оқушысы танылды. Біз соттың әділ әрі заңды шешім қабылдауын сұраймыз», – деді марқұмның апасы Мереке Қалдыбаева.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 2024 жылғы 2 қыркүйекте Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылында болды. 14 жастағы Нұржан Сыдық көз жұмды. Ауыл мектебінде буллинг бары айтылды. Оқиғадан кейін мектеп директоры мен аудандық білім бөлімінің басшысы өз еркімен қызметтен кетті. Аудан әкімі мен облыстық білім басқармасы қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды.
Айта кетейік, оқушы өлімі бойынша іс алғашында ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен қаралды. Тергеу барысында іс ҚК-нің 99-бабына ("Адам өлтіру") ауыстырылды. Алайда, бірнеше қайта қаралған соң, іс қайтадан ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен сотқа жіберілді.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Талғарда 14 жастағы баланы өлтіріп алған жасөспірімнің анасы өз шындығын айтты
- Қорқынышты детектив: Астана маңында 14 жастағы Лераны кім және неге өлтірді?
- Қазақстан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды
- «Алқаш» деді»: мас ер адам 15 жастағы қызын 16 рет пышақтап өлтірді
- Маңғыстау облысында түлкі мектеп оқушыларына шабуыл жасады
- Терапевтен өсті: Денсаулық сақтау саласына жаңа вице-министр тағайындалды
- «Лукойл» активтері үшін соғыс: ойынға Әбу-Дабидің алып компаниясы қосылды
- «Тоқалының ағасы»: Нұрсұлтан Назарбаевтың қайын ағасы ұсталды
- Қазақстан МАГАТЭ-нің Қиыр Шығыс тобына енді
- Астанада жеті тұрғын үй кешені жарықсыз қалды
- Трамп Нью-Йорк мэріне өзін «фашист» деп атауға жұрт көзінше рұқсат берді
- Өңірлер өңешін керіп сұраса да берілмейтін қаржы неге жыл сайын «ҚазАвтоЖол» мен «Жасыл Дамуға» бөлінуі тиіс?
- Жетісу облысында лицензиясыз жұмыс істеген дәрігерлерге айыппұл салынды
- Жақында жекешелендірілетін мұнай зауыттары мен әуежайлардың атауы жарияланды
- Дәрігерсіз, құжатсыз: Қазақстанда 400-ден астам заңсыз процедуралық кабинет анықталды
- Жел соғады, көктайғақ — 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы
- Алматы облысындағы жер дауы: Сот шешіміне қарамайтын әкімдік және кәсіпкерлерді кім қудалады?
- Ақтөбеде әйелін өлтіріп, өзі асылып өлген ер адамның бұрын үлгілі отбасы болғаны айтылды
- Қарағандыда Нығматулиннің бұрынғы зауыты жабылғалы жатыр
- Дубайда өткен әуе шоуында үндістандық жойғыш ұшақ апатқа ұшырады