Конституциядан орыс тілін алып тастайтын кез жетті – Қазыбек Иса
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Конституциядан орыс тілін алып тастауды ұсынды.
Бұл туралы депутат Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты мен М.Нәрікбаев атындағы ҚазақГЗУ өткізген «Құқық жүйесіндегі қазақ тілінің мәселелері және оларды шешу жолдары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты.
– Конституциялық кеңестің 2007 жылғы 23 ақпандағы №3 қосымша қаулысы бойынша Конституциядағы Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады деген норма ресми тіл статусы емес және ол орыс тiлiне екiншi мемлекеттiк тiл мәртебесi берiлетiнiн бiлдiрмейдi.
Сондықтан, Ата Заңдағы 7-баптың 2-тармағы жұртты әлі шатастырып, орыс тілі заңсыз мемлекеттік тіл рөлін атқарып келе жатқандықтан, бүгінде ұлтаралық жанжалдардың туындауына себеп болып отыр. Сондықтан Конституцияның 7-бабының 2-тармағын алып тастайтын кез жетті.
Өйткені, кез келген дүкенге, мекемеге кірген Ресей тілін білмейтін және шет тілін білмеуге толық хақысы бар азамат ел заңнамасына сай Мемлекеттік тілде қызмет етуді талап еткенде, одан 30 жыл бойы мемлекет те, басшысы да талап етпеген мемлекеттік тілді білмейтін сатушы не қызметкер «Бізде мемлекеттік тіл – екеу, Конституцияның 7-бабы, 2-тармағы солай» деп, заңсыз қарсыласады да, дау-жанжалдың барлығы осыдан шығады.
Осы мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы Конституциялық кеңестің қаулысы айқындап берген анықтама-тұжырымды осы уақытқа дейін біз әлі парламенттегі көптеген депутаттарға, тіпті, мамандығы заңгер депутаттарға түсіндіре алмай келеміз…
«Біздің елде Мемлекеттік тіл екеу», «Орыс тілі - ресми тіл, мемлекеттік тілдің орнына жүре береді» деген заңға қайшы сөзді сауда орындарындағы сауатсыз сатушы айтса, мейлі, сақалы ағарған саясаткер, биліктегі жоғары лауазымды шенеуніктер айтып жатқанда, таңғаласың!
Біздің Қазақстанда мемлекеттік тілге қарсы осындай заңсыз саясат отыз жылдан астам уақыттан бері үстемдік етіп келеді.
ҚР «Тіл туралы» Заңының 4-бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі» деп айқын жазылған.
Ал ҚПК-нің 30-бабы, ӘҚБтК-нің 738- бабы бойынша да Қазақстанда қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізу де мемлекеттік тілде жүргізілуі керек.
Биліктің мемлекеттік тілді білетін мемлекеттік қызметкерлер жоқ деп, мемлекеттік тілді міндеттемей отыруы – Тәуелсіздіктің 30 жылында мемлекеттің мемлекеттік тілді дамытуда түк істемегенін мойындауы болып саналады, – деді депутат.
Жаңалықтар
- Есіктегі адамның есін шығарар оқиға: 14 жастағы бала 17 жастағы жасөспірімді екі жерінен пышақтап өлтірді
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр
- Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
- Катар мен Түркия Иранға үндеу жасады: Ормуз бұғазын қысым көрсету құралы ретінде қолданбасын
- Таразда рұқсаты жоқ жасөспірімдер көлікпен қашып, апатқа ұшырады
- Астанада іске қосылардан бұрын LRT жүйесінің қалай жұмыс істейтіні таныстырылды
- Қордайда полиция қызметкерлерін қорлаған адамға айыппұл салынды
- Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов қазақстандықтарға мәлімдеме арнады