Көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген әкім бостандыққа шықты
Фото: Мой город
Көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген Теректі ауданының экс-әкімі бостандыққа шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
«Мой Город» хабарлауынша, БҚО Теректі ауданының экс-әкімі Жеңіс Серікқалиевтің жазасын өтеу мерзімі 2024 жылдың сәуірінде шартты жазаға ауыстырылды.
2016 жылы Серікқалиев пен Қажымұратов қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеу үшін 11 жылға сотталды. Ал қылмысты тікелей орындаған Исмағамбетов 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 2024 жылы, Серікқалиев жазасының өтелмеген бөлігін шартты жазаға ауыстыру туралы өтініш бергені белгілі болды. Нәтижесінде, сотталған азамат 8 жылын өтепті.
Еске сала кетейік, 2016 жылдың ақпан айында Теректі ауданы әкімінің көңілдесіне екі ер адам шабуыл жасап, бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Әйел тірі қалып, оған шабуылдаған адамдарды бірден көрсеткен. Анықталғандай, олар бұрынғы әкімнің қол астында жұмыс істеген болып шықты.
Сотта Жеңіс Серікқалиев өзінің досы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Арман Қажымұратовтан жұбайын өлтіруді сұрағаны анықталды. Мәлім болғандай, олардың ортақ қызы бар, әйел оны бопсалаған. Ал тапсырма алған Қажымұратов 500 мың теңге төлеп, жүргізушісі Бейімбет Исмағамбетовті әйелді өлтіруге жалдаған. Серікқалиев орындаушыларға әйелден өзін әшкерелейтін ақпарат бар ұялы телефонды алып кетуді тапсырған.
Жаңалықтар
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Астана қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды
- Көпжылдық сенім қылмысқа ұласты: Жетісу тұрғынының 46 млн теңгеге бағаланған малы ұрланды
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды