Қонаққа келіп, тонап кеткен жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: Elements.envato.com
Астанада ер адам 300 мың теңге болатын алтын әшекейлерді ұрлады, деп хабарлайды Orda.kz.
Астана полиция басқармасы мәліметтеріне қарасақ, 20 жастағы жігіт елорда тұрғынына қонаққа келіп, 2 рет ұрлық жасаған. Алғашқысында ол жатын бөлмесіне жасырын кіріп, алтын сақинаны ұрлап кеткен. Қожайындардың алтынның жоғалғанын байқамағанына көз жеткізіп, ол қайта келгенде тағы бір сақинаны алып кетеді.
Үй иесі 300 мың теңгеге жуық зергерлік бұйымдардың жоғалып кеткенін байқағаннан кейін ғана полицияға жүгінді.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні тапты. Ол ақша алу үшін ұрланған сақиналарды ломбардқа тапсырғаны белгілі болды. Полицейлер заттай дәлелдемелер алып, жас жігітке қатысты қылмыстық іс қозғады», деп хабарлады полиция.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық