Қонаевта қатты дауыл соғып, шатырлар ұшып, ағаштар құлады

cover Фото: Әлеуметтік желіден

9 ақпанға қараған түні қала мен оның маңында жел күшейіп, екпіні секундына 27 метрге дейін жеткен, деп хабарлайды Orda.kz.

Салдарынан үйлердің шатырлары жұлынып, ғимараттар мен коммуникациялар бүлінген, ағаштар құлаған. Қаланың бір бөлігі жарықсыз қалған, қазір электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Әкімдік жанынан жедел штаб құрылып, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Абырой болғанда, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ал оқушылар бүгін қашықтан оқуға көшірілді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар