Коммунистік идеология Қазақстанға азап әкелді – депутат
Фото: Ашық дереккөзден
Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік коммунист-депутат Геннадий Зюгановтың мәлімдемесіне жауап берді. Бұған дейін Зюгановтың «Қазақстан билігі орыстілді халықты кемсітеді» деген ақылға қонымсыз айыптауы жарияланған болатын.
Негізінен депутаттың сыны Зюгановқа емес, бүкіл коммунистік партияға бағытталды.
«Коммунистік идея – қазақ халқына жанқиярлық, аяусыз азап әкелген идея. Коммунистік идея бізге қуғын-сүргін, ашаршылық әкелді. Коммунистік идея Қазақстанның ең мықты азаматтары – Алаш қайраткерлерін жойып жіберді, енді 21 ғасырда мұндай коммунистік идеяға орын жоқ. Сондықтан бұны беделінен айырылған аудиториясы азайып, қатарластары қоғамдық пікірге азырақ назар аударып жатқан кездегі арандатушылықтың бірі деп ойлаймын» дейді Құл-Мұхаммед.
Сондай-ақ, ол коронавирусқа байланысты қазір ауыр халде жатқан Либералдық-демократиялық партияның басшысы Владимир Жириновскийге денсаулық тіледі.
«Ресейдің Конституциясында да, заңдарында да Коммунистік партияға орын жоқ. Жириновский де солай айтқан болатын. Естуімше, ол қазір ауыр халде жатыр. Адамға жамандық тілеудің қажеті жоқ. Сауығып кетсін» деді сенат депутаты.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Геннадий Зюгановтың мәлімдемесіне байланысты ресми наразылық білдірмейтінін айтты.
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Зюгановтың сөйлеген видеосы Украина мен Ресей арасындағы әскери қақтығыс қызып тұрған кезде интернетте әдейі жарияланған деп болжайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық