Комадан шығып, есін жиған сарбаз үйіне оралды
Қостанайда вокзал перронында өлім аузынан қалған сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаны туған-туыстары, достары мен таныстары гүл шоқтары мен шарлармен қарсы алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Үш ай ес-түсінен айрылып жатып, әрең есін жиған Нұржігіт Әбділпатта әскерге кеткенде үйніе осылай ораламын деп ойламағаны анық. Дегенмен оны әскерден оралғандай салтанатты түрде қарсы алды. Сарбазды қарсы алуға оның туыстарымен қатар Нұржігіттің әкесі бастаған 10-аймақтың іздеу жасағының еріктілері де келді. Көпшілік қуаныштан көз жасын тыя алмады. Оқиға кейіпкері болса жай ғана жымиып, жиналғандарды құшақтай берді.

Сарбаздың ата-анасы қазір тергеу амалдары аяқталғанын айтты. Кездесулер өткізіліп, айғақтар берілді. Мемлекеттік сараптама тамыз айының соңына дейін жалғасады, одан кейін іс әскери сотқа жіберіледі.
Нұржігіт болашақтағы жоспарларымен бөлісті, бірінші кезекте, әрине толық оңалу. Содан кейін жас жігіт өзін-өзі дамытумен айналысып, тіс дәрігері болу үшін оқуын жалғастырмақшы.
Естеріңізге сала кетсек, кеше ғана Orda.kz жансақтау бөлімінен жарымжан халде шығарылған сарбаз туралы жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық