Колумбияда автобус жарылды: 14 адам қаза тауып, 40-қа жуық адам жараланды
Фото: Бейнеден кадр
Колумбияда теракт салдарынан жолаушылар мінген автобус жарылды. Теракты бұрынғы FARC содырларынан құралған топ ұйымдастырған. Бұл — 31 мамырға жоспарланған президент сайлауы қарсаңында елдің оңтүстік-батысында болып жатқан шабуылдардың бірі, деп хабарлайды Orda.kz DW-ге сілтеме жасап.
Жарылғыш зат орнатылған автобус жексенбі, 26 сәуір күні Каука департаментіндегі панамерикалық тас жолда жарылған. Апаттан 14 адам қаза тауып, тағы 38 адам жараланған.
Департамент басшысы Октавио Гусман болған жағдайды «бейбіт тұрғындарға бағытталған бей-берекет шабуыл» деп атады. Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың күші соншалық, адамдарды бірнеше метрге ұшырып жіберген.
Билік бұл теракт үшін жауапкершілікті «Хайме Мартинес» тобына жүктеді. Бұл топ — бір кездері бейбіт келісім аясында қару тастаудан бас тартқан Колумбияның «Революциялық қарулы күштері» (FARC) ұйымының бұрынғы содырларынан құралған.
Бұған дейін, 50 жылдан астам қарулы қақтығыстан кейін, FARC ұйымының негізгі бөлігі үкіметпен бейбіт келісімге қол қойып, қарусызданып, қызметін тоқтатқан еді. Алайда кейбір содырлар келіссөздерді басынан бастап қолдамай, бүгінгі күнге дейін елдің ауылдық аймақтарында қарулы күресті жалғастырып келеді.
БАҚ мәліметінше, соңғы екі күннің өзінде Колумбияның оңтүстік-батысында бейбіт тұрғындар зардап шеккен кемінде 26 оқиға тіркелген. Зорлық-зомбылықтың күшеюі сайлауалды науқанның соңғы кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Колумбиядағы президент сайлауы 31 мамырға жоспарланған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық