Қолсағат Перу президентін түрмеге тоғытуы мүмкін
Перу президенті Дина Болуарте келешекте темір тордың ар жағында қалуға және қызметінен шеттетілуге ұшырауы мүмкін. Себеп - қолындағы қымбат сағат. Оның құны жылдық жалақысынан бірнеше есе жоғары болатын аксессуар тағып алғанын байқаған журналистердің тергеуін көптеген саясаткерлер қолдап отыр.
Парламенттің 25 мүшесі Болуартенің қызметінен шеттетілуін талап етті. Импичмент рәсімі қабылдануы үшін 130 депутаттың 87-сінің дауысы қажет. Қажетті дауыс жиналмауы да мүмкін. Әзірге 54 депутат президентті отставкаға жіберуге ниеті жоқтығын айтқанымен, болашақта ойларын өзгертуі әбден мүмкін.
Перу президенті Дина Болуарте сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптарды жоққа шығарып, қызметтен кетуден бас тартты. Наурыз айында прокуратура мен полиция қызметкерлері мемлекет басшысының резиденциясында тінту жүргізді. Перудің Жоғарғы соты Бас прокурор Хуан Карлос Вильенаның өтініші бойынша тінту жүргізуге рұқсат санкциясын берді. Мұндай әрекеттердің орын алуы Перу басшысының «заңсыз баю» деген күдікке ілінуінде. Жақында БАҚ-та Болуартенің Rolex сағатын таққан фотосуреттері пайда болды. Тінту барысында сағаттың резиденциядан табылғаны жайында хабар жоқ. Бұл Перу тарихында полиция қызметкерлерінің мемлекет президентінің үйіне күштеп кіруі бірінші рет орын алған жағдай.
Мысалы бізде, мемлекеттік қызметте істейтін кейбір адамдар Forbes тізімінде жүреді. Ресми түрде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық