«Коля-қырғыз» Қазақстанға қандай мақсатпен келуі мүмкін?
Қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары қылмыстық ортада белгілі Қамшы Көлбаевтың түрмеден шыққанына аса мән бермес те еді ... Бірақ, Қырғызстандағы АҚШ елшісі Дональд Лу бұған қоғамның қызығушылық оятты. Ол «братский круг» қылмыстық тобын жоюға көмектесетін кез-келген сенімді ақпарат үшін бес миллион доллар сыйақы жариялады.
Orda.kz журналисі Елтебер Ашина «Коля-қырғыз» бостандыққа шыққаннан кейін, Қазақстандағы қылмыстық жағдайға қандай әсері болуы мүмкін екенін зерделеді.
Кейбір мәліметтер бойынша, «Коля-қырғыз» өз елінен кетіп, Қазақстанды паналауы мүмкін. Бұл сыбыс алматылықтарды дүрліктірді. Әлеуметтік желілерде «ҰҚК ұрылар қауымдастығының өкілдерін ұстады, олардың біреуінің ұлты грузин, ал қалған екеуі тәжік. Бұл адамдар «Коля-қырғыз» бандасы мүшелері болуы мүмкін» деген де сыбыстар тарауда.
ҰҚК-нің Алматы бойынша ресми өкілі Әркен Әбдіғали ақпаратты растады. Ұсталғандарға кәсіпкерлерге қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстар дайындады деген айып тағылады. Үш азамат та сотталған. Олардан екі тапанша, шолақ мылтық, бірнеше оқ пен әртүрлі пышақтар, кастеттер тәркіленді…
Әркен Әбдіғалидің айтуынша, қарақшылық топ мүшелері «Алматыдағы ломбардтарға, айырбастау пункттеріне, ауқатты азаматтардың пәтерлеріне қарақшылық шабуыл жасау үшін топ құруды көздеген. Ұсталғандардың жоспарында тәжік диаспорасын бағындыру да болған».

Алайда ҰҚК-де ұсталғандардың Қырғызстаннан келген белгілі қылмыскермен байланысын не растамады, не жоққа шығармады.
Осы материалды дайындау барысында сөйлесе алған күш құрылымдарының генералдары мен полковниктеріне келетін болсақ, олардың көпшілігі мүлдем бұл тақырыпты қозғағысы келмейді. Бұл тақырып қоздатудың қаупі жайлы тұспалдар айтылды.
Қамшы Көлбаев қылмыстық ортада несімен танымал болды?
— Қатаң шектеулер болғандықтан Көлбаев Ресейге кіре алмайды. Басқа елдерге де заңды түрде кіруіне ешқандай мүмкіндігі жоқ. Алайда біздегі сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары екенін ескере отырып, «Коля-қырғыз» мемлекеттік шекара арқылы амал тауып өтіп кетуі мүмкін. Жуырда тиісті ақпарат жария болады деп ойлаймын.
«Братский круг» - бірнеше Еуразиялық ҰҚТ-дан тұратын Халықаралық қылмыстық топ. Америкалықтар «бұл топ қару-жарақ пен есірткіні заңсыз сатумен, адам саудасымен және бопсалаумен айналысады» дейді. АҚШ Қаржы министрлігі 2011 жылы «Коля-қырғыз» лақап атымен танылған 46 жастағы қылмыскер Қамшы Асанбек (Көлбаев) бұрынғы КСРО елдерінен 10 қылмыстық «беделділер» есімімен бірге «қара тізімге» енгізді.
«Коля-қырғыздың» Қазақстанға қандай қатысы бар?
Өз атын атағысы келмеген Orda.kz -ке ақпарат беруші Қамшы Көлбаев тоқсаныншы жылдардан бастап қылмыстық ортада танымал болғанын айтады. Ол Қырғызстанда екі рет сотталған. Бір рет екі кісіні өлтірді деген айыппен 25 жылға. Екінші рет он үш жылға түрмеге қамалған. Темір тордың ар жағында жеті жыл болды. Қашып кететін … бірінші рет қоныс колониясынан Дубайға қашып кетті, екінші рет оған рақымшылық жасалып, бір жылдан кейін босатылды.
БАҚ-та Көлбаевтың 2006 жылы Мәскеуде «тәжіленгені» туралы ақпарат тарады. Сол кезде Қырғызстанның ІІМ басшылығы қырғыздардың арасында алғашқы «заңдағы ұры» пайда болуынан жағымды тұстар тапты. Атап айтқанда, Мұрат Суталинов брифингте: «енді қылмыстық әлемде белгілі бір дәрежеде тұрақтылық болады», - деді.
«Коля-қырғызды» көбісі байларды тонап, олжасын кедейлерге берген Робин Гуд деп атайды. Айта кетсек, коронавирус пандемиясы кезінде, белгілі тележүргізуші Ассоль Молдокматованың өтініші бойынша Қамшы Көлбаев өзінің туған қаласы Шолпан-Ата ауруханасына медициналық жабдық сатып алып, қажетті дәрі-дәрмектерге ақша бөлген. Сол кезде оны «жерлестерінен ештеңе аямайтын қырғыз халқының нағыз ұлы деп» атаған.

«Тез, бос сөзсіз!!!», - деп ризашылық білдірді Ассоль Молдокматова. Фейсбуктағы парақшасында тележүргізуші Қырғызстанның экс-премьері Өмірбек Бабановқа жерлестерінің мәселелеріне үңіліп, Қамшы сияқты қолдан келгенше көмек көрсетуін өтінді.
- Авторы: Елтебер Ашина
- Аударған: Мұхит Тұрсынәлі
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық