«Көлікті 13 жастағы бала басқарған»: Алматы облысында жол апаты болып, 2 адам көз жұмды
Фото: Әлеуметтік желіден
Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты. Көліктердің бірін 13 жастағы бала басқарғаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға Алматы облысының Жалпақсай ауылында болған. ВАЗ бен Hyundai Grandeur көліктері соқтығысып, 2 адам тіл тартпай кетті. Куәгерлер көлікті 13 жастағы бала басқарғанын айтты.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ВАЗ жүргізушісі қиылысқа шығып, келесі көлікке жол бермеген. Нәтижесінде Hyundai көлігі бағанаға барып соғылған. Жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал көлік тізгіндеді деген жасөспірім жарақат алып, ауруханада жатыр.
Оқиғаның ресми деректері мен себептері анықталуда. Аймақтағы полиция департаменті қазірге бұл жағдай бойынша ақпарат бермеді.
Айта кетейік, Ақтауда пышақ ұстаған ер адам бөтен пәтерге терезе арқылы кірмек болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық