Көлік министрлігі халықаралық тасымалдаушыларға рұқсат бланкілерін шектеусіз беруді ұсынып отыр
Фото: naryk.kz
Қазіргі жүйе бәсекелестікті шектеуге жағдай жасайды, деп есептейді ведомство.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі қазақстандық халықаралық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат бланкілерін шектеусіз беруді ұсынады. «Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста автомобиль тасымалдарын лицензиялау жүйесін қолдану Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығының жобасы Ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды.
«Бланкілерді бөлудің қолданыстағы жүйесінің жетілдірілмегендігіне байланысты және жүк тасымалдау нарығында әділ жағдай жасау және әділ бәсекелестікті дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті рұқсат бланкілерін таратудың жаңа тәртібі жасады. Ол қазақстандық тасымалдаушыларға рұқсат бланкілерін шектеусіз беруді көздейді. Сонымен қатар механизм рұқсат беру процесінен адам факторын және құжаттарды көлеңкелі нарықта қайта сатудың алғышарттарын алып тастайды. ИДБ көліктерді рейске жіберер алдында тасымалдаушыларға халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беріледі деп болжануда» дейді министрлік.
Ведомство қоғамдық пікірді барынша қамту және шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қаңтар және ақпан айларында Алматы қаласында еліміздің барлық өңірлері тасымалдаушыларының қатысуымен Комитеттің кеңейтілген көшпелі отырысы өткенін атап өтті.
Құжат 3 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін ашық болады.
Көлік министрлігі Қазақстанның 42 елмен автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалдауын жүзеге асыратынын, оның 40-ында рұқсат беру жүйесі қолданылатынын атап өтті. 2023 жылы аталған мемлекеттермен 270,8 мың бірлік сомасына шетелдік рұқсат бланкілері ауыстырылды, олар автоматтандырылған жүйе бойынша қазақстандық тасымалдаушылар арасында таратылды. Жүйенің алгоритмі жекелеген тасымалдаушыларға олардың белгілі бір мемлекетке сапарларының тарихын ескере отырып, жыл бойына құжаттардың белгілі бір санын тағайындауды қарастырады.
«Бұл жүйе бәсекелестікті шектеу үшін жағдай жасайды: жыл бойы тасымалдаушылардың көпшілігінде жұмыс істеу үшін қажетті ИДБ жеткіліксіз. Сонымен бірге, көптеген пайдаланылмаған рұқсаттар да бар, олар жүйеге жылдың соңында қайтарылады. 2023 жылы бланкілердің 53%-ы пайдаланылмай қайтарылды. Сонымен қатар, қазіргі әдістемеге сәйкес ИДБ тасымалдаушыларға 100 күнтізбелік күнге бланк түрінде беріледі. Бұл тәсіл бланкілерді алыпсатарлық бағамен көлеңкелі нарықта қайта сатуға жол береді», - деп түсіндірді министрлік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық