«Көлік 3 минуттан кейін келеді»: Қазақстан жолдарында адам өмірін арашалап қалған такси жүргізушілерінің шынайы оқиғалары
Күн сайын Қазақстан қалаларында жүздеген жүргізуші жолға шығып, мыңдаған сапар орындайды. Көпшілік үшін такси — жұмысқа, үйге немесе әуежайға тез жетудің ғана жолы. Алайда кейде дәл сол жүргізуші қиын сәтте алғаш болып көмекке келетін адамға айналады. Orda.kz еліміздің әр өңірінен бір кездері өзгеге дер кезінде қол ұшын созып, адам өмірін сақтап қалған жүргізушілердің бірнеше оқиғасын жинақтады.
Жақында әлеуметтік желілерде астаналық Рауанның оқиғасы кеңінен тарады. Оның көз алдында жүріп келе жатқан жүк көлігінен жұмысшы құлап, есінен танып қалған. Жүргізуші бірден көлігін тоқтатып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем жеткенше ер адамның өмірін аман алып қалған. Мұндай жағдайлар Қазақстан жолдарында әлеуметтік желілерге шыққаннан әлдеқайда жиі кездеседі.
Түнгі жол және ес-түссіз жатқан адам
Күзгі түннің бірінде Қуанышбек үйіне қайтып келе жатқан. Қарағандыдағы Костенко шахтасы маңынан өтіп бара жатып, жол жиегінде шамы жанып тұрған көлікті байқайды. Алғашында ол көлік бұзылып қалған шығар деп ойлап, көмек қажет пе екенін сұрау үшін тоқтайды. Көліктің ішіне үңілгенде, ес-түссіз жатқан ер адамды көреді.
«Оны иығынан сілкіп көрдім, бірақ ешқандай белгі берген жоқ. Сол кезде шынымен қорқып кеттім. Бірден телефонымды алып, жедел жәрдем шақырдым», дейді Қуанышбек.
15–20 минуттан кейін дәрігерлер келіп жеткен. Кейін белгілі болғандай, ер адамның жүрегі ұстап қалған екен. Дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп үлгерген.
Ең бастысы — қызды қорғау болды
Кейде қауіп жолдан емес, адамның өзінен болады. Мұндай сәтте жүргізуші араша түсетін жалғыз адам болуы мүмкін. Қыста Парвиз Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалынан жолаушыларды алып кеткен. Жол үстінде жігіт пен қыздың арасында жанжал басталады.
Жүргізушінің айтуынша, ер адам өте агрессивті болып, қызға дөрекілік танытып, бір сәтте оның мойнынан қысып жіберген. Алдымен Парвиз көлікте бейнетіркегіш бар екенін айтып, оны сабырға шақыруға тырысқан. Алайда жанжал одан әрі ушыға түскен.
«Ол қолын сермей бастағанда көлікті тоқтатып, сыртқа шығуын талап еттім. Маған қоқан-лоқы жасап, көліктің нөмірін жазып алғанын, кейін тауып алатынын айтты. Бірақ сол сәтте бұл маңызды емес еді. Ең бастысы — салонда қорқып отырған әйел болды, оны қорғау керек еді», деп еске алады жүргізуші.
Осыдан кейін Парвиз қызды қауіпсіз жерге жеткізіп салған. Себебі ол агрессивті серігі үйінің маңында күтіп тұруы мүмкін деп қауіптенген. Шамамен бір жылдан кейін әлгі әйел дүкенде оны кездейсоқ көріп қалып, танып, алғысын білдірген. Оның айтуынша, сол оқиғадан кейін ол серігінен біржола кеткен.
Барлық ақшаны бәрібір таба алмайсың
Көктемде Алматыда кезекті тапсырысты орындап жүрген Абзал 63 жастағы жолаушысының кенеттен өзін жайсыз сезінгенін байқайды. Жүргізушінің айтуынша, ер адамның жағдайы өте ауыр болғандықтан, ол бірден жүрегіне қатысты мәселе болуы мүмкін деп күдіктенген.
Уақыт жоғалтпай, Абзал ең жақын медициналық мекемеге қарай бағыт алады. Жолаушыны дәрігерлерге тапсырғаннан кейін өз шаруасымен кетіп қалмаған. Керісінше, ер адамның туыстарымен байланысып, болған жағдайды түсіндіріп, олардың келгенін бірнеше сағат күткен.
«Қандай жағдай болса да, ең бастысы — адам болып қалу. Барлық ақшаны бәрібір таба алмайсың», дейді ол.
Жолаушының жанында жақындары бар екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жүргізуші жұмысын жалғастырған.
Батыр емес, қарапайым адамдар
Бұл оқиғалардың кейіпкерлері өздерін батыр санамайды. Олардың көбі мұндай жағдайда кез келген адам дәл осылай әрекет етер еді деп есептейді. Бірақ дәл осындай шешімдер кейде біреудің өмірін сақтап қалады: өтіп кетпей тоқтау, жедел жәрдем шақыру, жанжалға араласу немесе жай ғана адамның жанында қалу.
Orda.kz редакциясы материалды дайындауға қолдау көрсетіп, кейіпкерлермен байланыс орнатуға көмектескені үшін inDrive компаниясына алғыс білдіреді.
Жаңалықтар
- Каньэ Уэст: Алматылықтар күткен әлемдік шоу
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
- Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
- Түркістан облысындағы жанармай бекетінде бензин таситын 10 тонналық көлік өртенді
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған