«Қолданбадағы қауіпті хабарлама»: Kaspi тараған ақпаратқа жауап берді
Kaspi банктің баспасөз қызметі қазақстандықтарды алдаудың жаңа әдісі туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бір күн бұрын әлеуметтік желілерде алаяқтардың Kaspi қосымшасы арқылы қазақстандықтарды алдаудың жаңа әдісін тапқаны туралы ақпарат тараған болатын.
Көптеген адам осындай хабарлама алды. Көпшілік «Шектеу туралы толығырақ» түймесін басқан кезде Kaspi-ден ақша автоматты түрде есептен шығарылады екен дегенге сенді.
Kaspi банкі баспасөз қызметі халықтың алаңдаушылығына жауап беріп, бұл алаяқтықтың жаңа түрі деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Бұл шындыққа жанаспайтын жалған хабарлама. «Шектеу туралы толығырақ» түймесін басқаннан кейін ақша есептен шығарылмайды. Есептік жазбаға салынған шектеу туралы толық ақпарат қана көрсетіледі. Бұндай хабарлама сот орындаушыларынан келеді» деп мәлімдеді Kaspi банк.
Сондай-ақ компания қазақстандықтардан ақпарат алу кезінде абай болуды және мессенджердегі жалған хабарламаларға сенбеуді сұрайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық