Қол көтеріп, азаптаған: Атырауда бес полицей сотталды
Атырауда күдіктіні азаптаған қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлеріне үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
№2 сотта азаптау және азаптауға қатысы бар деген айып тағылған бес полицейге қатысты қылмыстық істі қарады.Тергеу мәліметінше, үш құқық қорғау қызметкері күдіктіні ұрып-соғып, кінәсін мойындату үшін азаптаған. Бұл кезде бөлімшеде тағы екі тәртіп сақшысы болды.
«Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сондай-ақ қалалық ішкі істер бөлімі ғимаратында тәркіленген бейнежазбалармен, затты айғақтармен және сараптама қорытындысымен дәлелденді» деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Үш полицей Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы«Азаптау» бойынша кінәлі деп танылды. Қалған екі полицей Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабының 2 бөлімінің 1 және 28 тармағына сәйкес, «Азаптауға қатысу» бойынша кінәлі деп табылды. Сотталушылар үш жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылып, үш жылға құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды.
«Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайлар ретінде жас балаларының болуын ескерді. Жауапкершілікті ауырлататын жайт - анттың бұзылуы» деді сот.
Жәбірленушінің моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап арызы ішінара қанағаттандырылды - әр полиция қызметкері 500 мың теңге береді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық