«Көктем көрсетеді»: Жаңа министр «тасқынға дайынбыз ба» деген сұраққа жауап берді
Фото: Ашық дереккөзден
Күні кеше Төтенше жағдайлар министрі атанған Шыңғыс Әрінов журналистердің «көктемгі су тасқынына дайынбыз ба?» деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz
Аталған жағдайды алдын ала зерттедім. Жыл соңында, желтоқсанда жаңбыр өте көп жауды. Қар болмады. Сол судың бәрі жерге сіңді. Бәлкім, біздің болжамымыз бойынша, шұғыл тасқын болуы мүмкін. Ақпанның соңында оңтүстік өңірлерде, наурыздың басында солтүстік өңірлерде солай болуы ықтимал, – деп жауап берді Шыңғыс Әрінов.
Әріновтың айтуы бойынша бұл күнде ТЖҚ мамандары оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сөзбен емес, іспен шаруаны көрсетіп, бәрін практикада жасадық. Қазіргі таңда менің орынбасарым облыс әкімдерінің орынбасарларымен бірге сол оқу-жаттығулардың қорытындысын жасап жатыр. Тиісті жұмыс ары қарай жалғасады. Дайындық жұмыстары, әрекет ету алгоритмі бар. Сол себепті жағдайды көктем көрсетеді, – дейді министр.
ТЖМ мамандарының айтуынша тасқын қауіпі жоғары өңірлерге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай, Ұлытау облысы жатады. Тасқын қаупі орташа өңірлер қатарына Жетісу, Жамбыл және Павлодар облысы енгізілген. Ал тасқын қаупі төмен өңірлер – Маңғыстау мен Қызылорда облыстары.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық