«Көкшетаудағы сыз үйге мәслихат төрағасы келді»: Ол қарт анаға қалай көмектеспек?
Коллаж Orda.kz
Orda.kz Ақмола облысы Қызылжар ауылынан хабарласқан қарт анасымен тұратын жалғызбасты Гүлзира Рамазан жайлы мақала жазған болатын. Көкшетау қалалық мәслихатының төрағасы Әкімов Дастан қасына Қызыл Жар ауылдық округінің әкімі Серікжан Мәкішті ертіп, қарт ананың халін білуге келіпті.
Бұған дейін қолқаны қапқан этан газ сасыған, көк басып, сыз болған үйде тұратын жалғызбасты Гүлзира Рамазан жайлы жазған болатынбыз.
Бүгін Көкшетау қалалық мәслихаты Гүлзира Рамазанның үйіне барғаны жайлы бейнежазбаны жариялады. Дастан Әкімов пен Серікжан Мәкіш 4 қазан күні қарттар мерекесіне орай сол үйдегі 85 жастағы Сағындық апаның халін білуге барыпты.
85 жасқа келген қарт ана жаз бойы көмір жаққанын, үйдің сыз екенін айтты.
Қарт ананың халін сұрап болып Дастан Әкімов:
«Шешуге тырысамыз. Үй туралы, аула туралы және мына жердің иісі де бар екен. Жақсы, апа. Қараймыз, сөйлесеміз», — деді Дастан Әкімов.
Дастан Әкімов Қызыл Жар ауылдық округінің әкімі Серікжан Мәкішке көмек көрсетіңдер деп айтып кетті.
«Ол арыз жазды. Қарастырдық. Фактілердің бәрі хатталды. Ал қыста қарын күреп беру сияқты мәселелерге көмектесеміз», — деді Серікжан Мәкіш.
Міне содан бері 7 күн өтті. Гүлзира Рамазанға хабарласқанымызда еш өзгеріс жоқ екенін айтты.
Orda.kz осы мәселені өз назарындп ұстайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық