Көкшетауда жүргізушілерге жедел жәрдемге құрметпен қарауды үйрете бастады
Фото: Informburo.kz
Көкшетауда профилактикалық рейд өтіп жатыр. Оның барысында полиция қызметкерлері жедел жәрдем көліктерімен бірге жүріп, жүргізушілерге жол беруді үйретуде, деп хабарлайды Orda.kz.
Медицина қызметкерлері көп жағдайда жүргізушілердің жедел жәрдемге жол бермейтінін айтып шағымдануда. Мұндай жағдайлар науқастардың көмекті ұзақ күтуіне әкеледі, ал бұл олардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
«Арнайы көлікке жол бермеген бірнеше жүргізуші анықталып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 598-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — дейді Көкшетау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының инспекторы Жәнібек Шәкіров.
Облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Азамат Қожахметовтің айтуынша, жол бермеген жүргізушілердің әрекеті жиі жол-көлік оқиғаларына себеп болады.
«Өкінішке қарай, қазіргі таңда арнайы техникаға жол бермейтін жүргізушілермен жиі кездесеміз. Кейбірі жедел жәрдемнің дабылын естімейді, енді біреулері мүлде көрмейді. Мұның салдарынан жол апаттары болады, ал кейін біздің жедел жәрдем жүргізушілерін кінәлайды», — деді Қожахметов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық