Көкшетауда көпбалалы отбасының балалары балабақшадағы тегін тамақтан қағылды
Фото: freepik.com
Көкшетау қаласында бірқатар көпбалалы отбасының балалары енді балабақшада тегін тамақ іше алмайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Президенттің жаңа Жолдауы аясында әлеуметтік көмек тек нақты мұқтаж жандарға ғана көрсетілуі тиіс. Сондықтан да көпбалалы болу — жеңілдік алуға негіз болмайды.
«Бұрын барлық көпбалалы отбасы ешқандай шектеусіз тегін тамақтануға құқылы болатын. Енді бұл жеңілдік өзгерді. Мысалы, жеті баласы бар, алайда әкелері ірі кәсіпорынды басқаратын отбасы бұрын бұл қызметті пайдаланды. Енді олар балабақшадағы тамақты өз қаражаты есебінен төлейді, олардан жеңілдік алынып тасталды», — деп түсіндірді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әмренова.
Оның айтуынша, енді тек атаулы әлеуметтік көмек алатын және жан басына шаққандағы табысы күнкөріс минимумынан төмен отбасылардың балалары ғана тегін тамақтану құқығына ие болады.
Еске сала кетейік, парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Мемлекет басшысы әлеуметтік төлемдерді біріздендіру керегін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық