Көкшетауда ақ кимешекті аналар шеруі рекорд орнатты
Бейнежазбадан скриншот
Көкшетауда ақ кимешек киген аналар шеруі бойынша рекорд жасалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Наурыз мейрамында дәстүрге құрмет әрі өз тарихын мақтаныш етудің белгісі ретінде қала көшелеріне әртүрлі жастағы және әртүрлі мамандық иелері 1600 әйел кимешек киіп шықты.
Осылайша Ақмола облысының аналары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық киім кию арқылы этникалық бірегейлікті нығайту туралы бастамасын қолдады.
«Ұлттық киім кию бірте-бірте үйреншікті жағдайға айналып барады. Бұл өте жақсы үрдіс. Бетін жасырып, қара жамылғаннан гөрі, ұлттық нақыштағы киімдерді киген әлдеқайда жарасымды. Оның үстіне ұлттық киім табиғи өте үйлесімді әрі керемет көрінеді. Біздің ұлттық киімдерімізде этникалық бірегейлікті айқын көрсетеді, сондықтан оны жан-жақты насихаттау керек», - деді Тоқаев биылғы Ұлттық құрылтайда.
Ауқымды шеруді қала тұрғындарының барлығы дерлік тамашалады. Ал шерудің ұзындығы бір шақырымнан асты. Сонымен қатар, бас сахнаның LED экранынан әдемі шеру тікелей эфир арқылы көрсетілді.
«Ақ кимешек – бейбітшіліктің, жақсылықтың символы. Бүгінгі шеруге көп балалы әйелдер де, 90 жастағы әжелер де қатысты. Бұл Көкшетау қаласы әкімдігінің қолдауымен Ақмола облысы Аналар кеңесінің бастамасы екенін атап өткім келеді. Бұл шараға екі жүзден астам көп балалы ана қатысты», - дейді «Асыл аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Анаргүл Мұхамедрахимова.
Шеру Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді. Оған облыстың дамуына сүбелі үлес қосқан әйелдер жетекшілік етті. Олардың қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, ұстаздар, қоғам қайраткерлері мен көп балалы аналар бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық