Көкпар ойынындағы жанжал сот шешімімен аяқталды
Фото: Envato
Жамбыл облысында көкпар ойыны кезінде дауласқандар сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жамбыл облысы сотының мәліметінше, Жуалы аудандық соты ұсақ бұзақылық бойынша Б. және Ө.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Мәліметтерге сүйенсек, жанжал 2024 жылдың қаңтарында болған. Құқық бұзғандар Ертай ауылында ауылдар арасында өткізілген көкпар ойынында өз-өздерін ұстай алмай, ауыл тұрғындарының көзінше бір-бірін ауыр сөздермен балағаттаған.
Б. өзінің түсініктемесінде аттың басы бетіне тиіп жарақат алғанын, нәтижесінде ат иесімен жанжалдасқанын айтты.
Cот отырысында құқық бұзушылар өздерінің кінәларын толық мойындап, жасалған іс әрекеттеріне өкінетіндерін жеткізді.
«Сот қаулысымен Ө. және Б. атты азаматтарға ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 78 мың теңгеден аса айыппұл тағу жазасы тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», деп хабарлайды Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық