Қояндыда қордаланған мәселе көп
Фото: e-history.kz
Қояндыда қордаланған мәселелердің шешімін табу үшін Бас прокурор Берік Асылов нұсқау берді.
Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады.
Қоянды ауылының тұрғындары, мүлікке құқықтарды рәсімдеуге байланысты құжат алу үшін Астана, Көкшетау қалаларына қатынауға мәжбүр болатын. Бұл халыққа қызмет көрсету орталықтарының қашықтығына байланысты азаматтардың наразылығын тудырды. Сол себепті тұрғындар ұзақ уақыт құжаттарын тіркемеген. Ал бұл соңғы су тасқыны кезінде апаттан келтірілген залал үшін өтемақы алуға келгенде мәселеге айналып отыр. Сондықтан 2000-ға жуық үйде әлі күнге дейін құқық белгілейтін құжат жоқ.
Осы орайда облыс прокуратурасы облыс әкімдігімен бірлесіп Қоянды ауылының №2 жалпы білім беретін мектебіне «бір терезе» қызметін орналастырды. Ол жерде жылжымайтын мүлік құқықтарын жедел тіркеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері көмектеседі.
Сонымен қатар облыс прокурорлары Ақмола облысының аудан орталықтары мен шалғай ауылдарына да барып қызмет көрсетуде. Азаматтарды толғандыратын мәселелер анықталып, оларды шешу бойынша шаралар қабылдануда.
Жаңалықтар
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды
- 15 минуттық жаңбыр Астананы Венецияға айналдырды
- Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
- 73 пайызы ауыр: Біздің шенеуніктер қандай қылмысқа құмар?
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен
- Бауыры екі жерден жарылған, қабырғалары сынған: Жігітінің қолынан қаза тапқан қыздың туыстары сұмдық оқиғаны айтып берді
- Яссауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды
- Түркістанда ҰҚТ ауадан ақша жасап, жоқ фермаға мемлекеттен үш млрд несие алған
- Бас прокуратура сайлауалды үгіт ережелерін бұзғандарға айыппұл салынатынын ескертті