Қоянды тұрғындары су тасқынынан қорғауды талап етіп, тас жолды жауып тастады
Фото: видеодан кадр
Астанадан 7 шақырым жердегі Қоянды ауылының тұрғындары үйлерін еріген қар суынан қорғау үшін құтқарушылар мен техниканы көбірек жіберуді талап етті.
Сағат 20:40-та 50-ге жуық адам жергілікті әкімдікке келіп, жолды жауып тастады. Тұрғындар шұғыл түрде аулалар мен көшелерден су сору үшін бұдан да көп техника мен адамдарды тартуды талап етті.
Аудан әкімі Бақытбек Оспанбеков су сору жұмыстары жүріп жатқанын, бірақ күш жетпей жатқанын айтты. Көкшетаудан келген құтқарушылар Қояндыға аттанды. Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Қанат Доспаев та келді.
Шенеуніктермен, прокуратурамен, полицейлермен әңгіме шуға ұласты. Бірақ халықты таратуға көндірді.
«Қазір Қоянды ауылында су тасқынына қарсы күшейтілген шаралар жүргізілуде. 150 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Қар шығаруға 10 инженерлік және арнайы техника жұмылдырылған. Сондай-ақ Қояндыда 9,5 мың метр арықтар мен каналдар, сондай-ақ 46 су өткізгіш құбырлар тазартылды. 35 мың м3 астам еріген су сорылды. Тас жолдарды жабу сияқты заңсыз әрекеттерге жол берілмейді. Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз» деп түсіндірді әкімдік.
Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 28 этнос өкілдері қауіпсіздік жолында қызмет етіп жүр
- Түркістан облысындағы «Қыран» футбол клубы қызметкерлеріне 100 млн теңгеден астам қарыз
- 12 күдікті ұсталды: Алматыда жасөспірімдер арасында төбелес болып, екі адам қаза тапты
- «Союз-5» зымыраны «Бәйтерек» кешенінен алғаш рет ұшырылды
- Тоқаев қазақстандықтарды халықтың бірлігі күнімен құттықтады
- Енді жолдағы шұңқырлар мен жарықтарды дрондар анықтайды — Көлік министрлігі
- Қарағандыда жалған купюрамен сауда жасаған әйел ұсталды
- Тоқаев Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровпен кездесті
- Тоқаевтың экс-кеңесшісін өлтірген адам 11 жылға сотталды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Сараптама айыпталушыны есі дұрыс деп таныды
- Алматыда елдегі алғашқы крематорий іске қосылды
- «Құман екеуіміз өмір бойы халық үшін еңбек еттік. Бізде кәсіп болмады»: Меруерт Өтекешева Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді
- Қаңғыбас иттер туралы даулы заң мәжіліске қайтарыла ма?
- Алматыда Zeekr көлігімен болған жол апатын тергеу екі аптада аяқталады
- Көлік сатамын деп алдаған: Алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
- Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
- Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды
- Алматыда 81 жастағы зейнеткерді ұрлаған күдіктілер ұсталды
- Путин Жеңіс күні қарсаңында Украинамен уақытша бітімге келуі мүмкін
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты