«Көгеріп кеткен»: Құдықта қаза болған 3 адам туралы тың дерек шықты
Фото: Видеодан алынған кадр
Алматы облысы Кеген ауданында құдық ішінде қаза болғаны 3 адам туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиғадан кейін марқұмдардың туыстары КТК телеарнасына сұхбат берген.
«Бірінші інімді алып шықты. Қарасақ, денесі суып кеткен. Бірінші көмектен кейін құсып жіберіп, көзін ашты, болды. «Жүріп кеткен» деді. Одан кейін Серік деген ағаны шығарды. Өрт сөндірушілер суды сорғызып, баланы шығарып алды. Ол кезде бала көгеріп кеткен", - дейді марқұмның туысы Дина Айтбаева.
Аллын ала мәлімет бойынша, үйінде су тоқтап қалған соң әкесі мен баласы кешқұрым құбырды тексеруге барған. Жанында көршісі де болыпты. Бастапқыда бір қарап шығуға 15 жастағы жасөспірім түскен екен. Бірақ көп ұзамай сонда талып қалады. Әкесі құтқаруға ұмтылғанымен, кері шыға алмай, ол да ес-түссіз құлаған. Артынан 56 жастағы көршісі түсіп, ол да төменде тіл тартпай кеткен.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Кеген ауданында 3 адамның денесі құдықтан табылғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтар
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға
- Тоқаев ТМД елдерімен радиация бойынша дерек алмасу туралы заңға қол қойды