Көзіне шөп салғаны үшін өлтірілді: Петропавлда полицейдің әйелі сотталды
Фото: ашық дереккөзден
Күйеуін өлтірді деген күдікке ілінген Айгүл Жұмағали соттың үкімімен кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтейді.
Күйеуінің опасыздығынан туындаған жанжал негізінде отбасылық трагедия 2022 жылдың 25 мамырына қараған түні болды. Әйел мас күйінде 32 жастағы күйеуінің кеуде тұсынан пышақ сұққан. Дархан Жұмағали алған жарақатынан сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Petropavlovsk.news.
Айгүл мен Дарханның екі баласы бар. Марқұм бес жыл бойы полиция қызметкері болып жұмыс істеген. Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен және сараптамалық қорытындылармен анықталды.
Прокурор Айгүл Жұмағалиды сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Әйел жазасын колонияда өтеумен қатар, жәбірленушілердің пайдасына төрт миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуі тиіс. Жәбірленуші жаза мөлшері туралы шешімді соттың қарауына қалдырды. Қорғаушы тарап жазаны Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігінің санкциясында көзделген шектен төмен жеңілдетуді сұрады.
Сот қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың болуын - шын жүректен өкінуін, екі жас баласының болуын, өлтірілген адамның мінез-құлқының азғындық және құқыққа қарсылығы қылмыс жасауға негіз болғанын ескерді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық