Көшеде қалған студенттерге көмек көрсетіледі
стопкадр
Көшеде түнеді деген студенттер түсірілген видео ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің назарын аударды.
Бір күн бұрын интернетте екі қысқа бейнетүсірілім пайда болды. Онда студенттер ойын алаңында жайғасқан, айналасында сөмкелерін үйіп қойған. Ал жігіттер (әзілдегендей) өтіп бара жатқан полиция қызметкерлері мен жандарынан өткен қыздан көмек сұрайды.
Екінші видеода жігіттер түнде ашық аспан астында орындықтар мен сөмкелер арасында көрпеге тығылып жатыр.
Бұл оқиға Алматыда болып жатқаны және студент ер балалардың жалдап тұрған пәтерлерінен қуылғаны хабарланды.
Бүгіннің өзінде Білім министрлігі видео авторларын іздестіріп, студенттерден жауап беруді сұрады.
«Ғылым және жоғары білім министрлігі бейнеролик авторларынан/кейіпкерлерінен, сондай-ақ куәгерлерден департаментке хабарласуды сұрайды. Қажет болған жағдайда студенттерге қажетті көмек көрсетіледі. Алматыда қиын жағдайда қалған студенттерді баспанамен қамтамасыз ету бойынша жедел штаб жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Көмек алу үшін студенттер +77786556083 нөміріне хабарласа алады» делінген хабарламада.
Басқарма заңсыз көшіру немесе тұрғын үйді жалға алу құнының көтерілу фактілері бар-жоғын нақтылайды. Қазақстандықтар заң көмегін алу үшін Әділет министрлігінің 119 (стационарлық телефон үшін) немесе Астана және Алматы қалалары бойынша 58-00-58 телефоны бойынша байланыс орталығына жүгіне алады.
Бейнетүсірілім: taraz_nablyudeniya
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық