Көлік жуушы Lexus көлігін ұрлап, Алматыда серуендемекші болған
Өзбекстанның 28 жастағы азаматы мас күйінде көлік жуу орнынан Lexus LX 570 көлігін ұрлап, содан кейін ол мегаполисті аралауға бел буған, деп хабарлайды Polisia.kz .
— Ол қаланы білмей, зиратқа кіріп кетіп, басқаруды жоғалтып, бейіт қоршауларын бұзды. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ, қабірлер де зақымдалған жоқ. Мұны зират күзетшісі байқап, оқиға туралы дереу полицияға хабарлаған. Бірінші болып әрекет еткен учаскелік инспекторлары қоғамдық тәртіпті бұзған адам қашып кетпек болған кезде дереу ұстады. Белгілі болғандай, көлік иесі жол талғамайтын көлігінің бамперін бояу үшін техникалық қызмет көрсету станциясына қалдырған, сырлаушылар көлікті жууға шешім қабылдап, жақын маңдағы көлік жуу орнына айдап кеткен. Сол жерден әлгі адам көліктің кілтін иеленген, - дейді Алатау аудандық полиция бөлімінің бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы «Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иелену» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруы» бойынша әкімшілік іс материалдары жиналды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық