ҚМДБ сурет салуға қатысты шариғат бойынша пәтуа шығарды
ҚМДБ ғұламалар кеңесі сурет салуға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан діни мұсылмандар басқармасының мәліметінше, шариғатта тірі жанның суретін салуға тыйым салынған.
Ғалымдар сурет салудың үкімін екіге бөліп қарастырады:
1. Жансыз заттардың суретін салу рұқсат етіледі. Төрт мәзһабтың (ханафи, мәлики, шафиғи, ханбали) ғалымдары жансыз нәрселердің суретін салуға рұқсат етілгендігіне бірауыздан келіскен.
2. Тірі жанның суретін салу. Бұл – ғұламалар арасында тартысты мәселе. Жұмһур (ханафи, шафиғи, ханбали) ғалымдары тірі жанның толық бейнесін салуға тыйым салған.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тірі жанның бейнесін салғандар, яғни «Қиямет күні қатты азапқа тартылатындар – суретшілер» деген.
Мәлики мәзһабының және заманымыздың көптеген ғалымдары көлеңкесі жоқ жаны бар нәрселердің суреттерін салуға рұқсат береді. Ал сурет салуға тыйым салынған хадистерді көлеңкесі бар суреттерге қатысты келген деп түсіндіреді.
Десе де ғалымдар сурет салуға тыйым салынған хадистердің құрамына жаны бар нәрсенің бейнесіндегі ойыншықтардың суретін салуға рұқсат берген. Себебі оның баланың жақсы өсіп, қалыптасуына және бала тәрбиесіне пайдасы мол.
ҚМБД шығарған нақты шешімге тоқталар болсақ:
- Жансыз заттың суретін салуға рұқсат етіледі.
- Білім беруде, ғылыми мақсатта жаны бар нәрсенің суретін салуға болады.
- Тәрбиелік мәні бар, шариғат қағидаттарына қайшы келмейтін мултьфильмдерді шығаруға болады.
- Пайғамбарлардың бейнесін бейнелеу – харам.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық