Полиция қызметкері әкесінен қашқан балаға өз үйін паналатты
27 жастағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Алмас Жұмабаев әкесінен қашып кеткен жасөспірімді анасы келгенге дейін өз үйінде паналатқан.
Бұл туралы Orda.kz Диапазонға сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияға Тәжікстанның 17 жастағы азаматы Алматыдағы анасына баруға көмектесуін өтінген болатын.
- Белгілі болғандай, жасөспірімнің ата-анасы ажырасқан: анасы мен кіші ұлы Алматыға кеткен, ал үлкен ұлы Анушервон Ақтөбеде әкесімен бірге қалды. Әкесі төлқұжатын тартып алып, жұмыс істеуге мәжбүрлеп, ұлына қолын көтерді. Ақыр соңында, жасөспірім шыдай алмай қашып кетті, – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция 17 жастағы жасөспірімнің анасымен байланысқа шықты. Ол ұлын алып кетуге Ақтөбеге жол тартты. Анасы келгенге дейін Анушервон бір жерде тұруы керек еді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында ПТР-тест талап етілді. Халықаралық көші-қон ұйымы жігітті бір күннен кейін ғана орналастыра алады. Ақтөбелік полицей жағдайдан шығуды ұсынды.
- Анушервон көші-қон полициясына жүгінді. Ол әкесінен қашып кеткен, анасы Алматыда болғандықтан, КБО-ға орналастыру керек еді. Мен оны көшеде қалдыра алмадым. Жігіт қиын жағдайға тап болғасын мен анасы келгенге дейін өз үйіме апардым. Анушервон өте мейірімді, ақылды. Қазақстанда бес жылдан астам тұрады. Бес жыл Алматыдағы мектепте оқыды, – деді ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Алмас Жұмабаев.
Жасөспірімнің анасы Мадина Ерматова келіп, ұлын алып кетті. Әйел аға лейтенант Жұмабаевқа көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық