Кісі өлтіру бабымен сотталып 6,3 миллион теңге өтемақы алады
Сурет ашық дереккөзден
Кісі өлтіру бабымен сотталып, артынша ақталған қазақстандық азамат өтемақы ретінде 6,3 миллион теңге алуы тиіс.
Павлодар соты қос зейнеткерді өлтірді деген айыппен сотталған облыс тұрғыны Дархан Дүйсенаевқа келтірілген материалдық және моральдық шығынды өтеу туралы шешім қабылдады.
2018 жылдың ақпан айында Павлодар облысы Майқайың ауылында қарт зейнеткерлер өлтірілді. Олардың мәйіті өз үйінен табылды. Кейін қарақшылық шабуыл жасап, айуандықпен өлтірді деген күдікпен олардың көршісі Дархан Дүйсенаев ұсталды. Жігіт конвертке салынған пин-кодтары бар зейнеткерлердің банк карталарын көшеде кездейсоқ тауып алғанын айтты. Айтуынша, ол ақшаны шешіп алмақшы болған, бірақ екі карта да бос болып шықты.
2019 жылдың ақпанында алқабилер оны айғақты дәлелдердің жоқтығына байланысты ақтады. Ер адам сот залында босатылды, бұл жәбірленушілердің туыстарының көңілінен шықпады. Олар үкімге аппеляциялық шағым түсіргенімен, сол жылдың маусымында жаңа алқабилер алқасы Павлодар облысының тұрғынын қайтадан ақтады. Апелляциялық сот оны екінші рет кінәсіз деп тапты.
Бостандыққа шыққаннан кейін Дархан Дүйсенаев Қаржы министрлігі мен Павлодар облысының полиция департаментін сотқа берді. Ол қамауда ұстау және заңсыз қудалау кезінде келтірілген материалдық және моральдық шығыны үшін 70 миллион теңге талап етті. Бұған қоса, бұрынғы күдікті облыстың полиция департаментінен көпшілік алдында кешірім сұрауды да талап етті.
Сот талап арызды ішінара қанағаттандырды:
• Материалдық зиян үшін – 4 336 301 теңге.
• Моральдық зиян үшін – 2 млн.теңге өтелуі тиіс.
Ендігі жерде Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бағдарламасының әкімшісі ретінде Дархан Дүйсенаевқа 6,3 млн теңге өтемақы төлеуі тиіс.
Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық