Кішкентай баланы өлімнен аман алып қалған 17 жастағы Дәуітбековтің отбасына пәтер беріледі
Фото: ашық дереккөзден
Терезеден құлаған қызды аман алып қалған 17 жастағы Есдәулет Дәуітбековке Нұр-Сұлтанда үш бөлмелі пәтер сыйға беріледі. Ол отбасымен бірге тұрғылықты жері мен тұрғын үйді өзі таңдайды.
Есдәулет бүгін анасы Әсемгүл Қабдықалықовамен бірге Білім министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесті.
Министр түлекке алғысын білдіріп, Есдәулеттің жеке қасиеттерін еліміздің барлық оқушыларға үлгі етті. Сондай-ақ, Аймағамбетов жас жігітті алғыс хатпен, естелік сыйлықтармен және Алматыдағы Нархоз университетінде тегін оқуға мүмкіндік беретін грантпен марапаттады. Грант министрдің жеке өтініші бойынша берілді.
Еске салсақ, осыдан екі күн бұрын ол Нұр-Сұлтанда терезеден құлап бара жатқан екі жасар баланы аман алып қалды.
13 шілдеде «Шерқала» тұрғын үй кешенінде екі жасар бала жетінші қабаттағы терезеден құлап кете жаздады. Бүлдіршіннің ата-анасы сол сәтте үйде болмаған. Көмекке келгендер бір сағаттай пәтерге кіре алмады.
Сәбиді құтқаруға 17 жастағы Есдәулет Дәуітбеков өз еркімен ұмтылған. Жас жігіт жабық пәтерге көтерілген. Жігіт кейін Экспресс K басылымына пәтерде 1 жастан 3 жасқа дейінгі тағы екі сәби болғанын айтқан. Аналары дүкенге кеткен. Есдәулет оны күтіп, балалардың қауіпсіздігіне көз жеткізгеннен кейін ғана оқиға орнынан кеткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық