Кіші Талдыкөл ісінде жаңа мән-жайлар анықталып, үкім өзгертілді
2022 жылғы 2 желтоқсанда Астана қалалық соты Кіші Талдыкөлге қатысты елордалық әкімшілік сот шешімін өзгертті.
Істің мән-жайы
«Aqiqat» корпоративтік заңгерлер коалициясы жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі – ЖАО) әрекетсіздігін заңсыз деп тану және Кіші Талдыкөл көлдер тобындағы су қорғау аймақтары мен белдеулерін мәжбүрлі белгілеу, сондай-ақ уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы және су қоры жерлерін елді мекен жерлеріне беру туралы сотқа талап-арыз берді.
Талапқа «Кіші Талдыкөл» көлдер тобы су объектілеріне жататындығы, олардың айналасында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қажет екендігі түрткі болды; су қорынан жер телімдерін беруге жол берілмейді.
Соттың шешімі
2022 жылғы 11 шілдеде елорданың әкімшілік соты елорда әкімдігінің «Кіші Талдыкөл» көлдер тобында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілемеу әрекетін заңсыз деп танып, учаскелерде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуді бұйырды. Көлдің № 6, 7, 9 су қоры жерлерiн елдi мекен жерi санатына жатқызу» № 6, 7, 9 көлдер учаскелерiн елдi мекен жерiне беру бөлігі заңсыз деп танылып, жойылды.
Апелляциялық соттың ұстанымы
Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот белгілеген мән-жайларды және оның қорытындыларын ішінара дұрыс деп таныды.
Сонымен, «Кіші Талдыкөл» көлдер тобы су объектісі болып табылады, сондықтан су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу заң шығарушы белгілеген жергілікті атқарушы органның міндеті. Алайда әкімдік бұл әрекеттерді қолданбай, елді мекен ретінде жерлерді беру кезінде тәртіп бұзылған.
Сонымен бірге, сот актісін өзгертуге істі апелляциялық тәртіпте қарау кезінде әкімдік мамандардың 2022 жылғы 8 шілдедегі жаңа қорытындысын ұсынғаны себеп болды.
Бұл қорытынды бірінші сатыдағы соттың зерттеу нысанасына жатпайды, сот оған құқықтық баға бермеді.
Жаңа қорытынды бойынша – № 6 су қоймасы толып, № 9 нысанның асты кеуіп жатыр. Су қоймасын № 7 көл астында қалдырып, жер асты суларының келуін қалпына келтіру үшін міндетті түрде тереңдету жұмыстарын жүргізу ұсынылды.
Қорытындыны көрсетілген сала бойынша арнайы білімі бар мамандар (гидролог, инженер-гидрогеолог, эколог-аудитор) шығарды.
№ 6, 9 көлдердің жер телімдерінде қазіргі уақытта көп пәтерлі тұрғын үй кешендерін, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Алқа мамандардың жаңа қорытындысын ескере отырып, тек № 7 су қоймасына қатысты су қорғау аймағын белгілеуді пропорционалды деп санады, сол арқылы әкімшілік рәсімге қатысушылардың әділ тепе-теңдігін қамтамасыз етті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық