«Кінәсізбін!»: Арыстанбек Мұхамедиұлы түрмеде аштық жариялады
Коллаж: Orda.kz
Қазақстанның бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы соттың 11 жылға бас бостандығынан айырғанына наразы екенін білдіріп, аштық жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы оның Facebook парақшасында жарияланған жазбада айтылған.
«Мен аштық жариялаймын. Өйткені өзімді әу бастан-ақ кінәсіз деп санадым!» – деп жазылған экс-министрдің атынан жазылған мәлімдемеде.
Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақүйін рейдерлік жолмен тартып алу және «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрмесін ұйымдастыру кезінде қаржы жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танылған. Алайда ол сот процесінде заң бұзушылықтар болғанын айтып, өзінің ісін қайта қарауды талап етіп, президент әкімшілігіне хат жолдаған.
Orda.kz оның хатын жариялаған болатын.
Қазіргі уақытта оның әлеуметтік желідегі парақшасын өзі жүргізіп отырғаны немесе өкілдері арқылы жарияланып жатқаны белгісіз. Бірақ Арыстанбек Мұхамедиұлының атынан жазған хатты салыпты.

Orda.kz қылмыстық-атқару жүйесіне осы мәселе бойынша ресми түсініктеме сұрап, сауал жолдады. Бұрынғы мәдениет министрінің аштық жариялағаны туралы ақпаратқа ҚАЖК түсініктеме берді.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Ол тамақ ішіп жүр, бұл бейнебақылау камераларының жазбаларымен расталған. Қазіргі уақытқа дейін оның тарапынан ешқандай шағым түскен жоқ. Сонымен қатар, қолданыстағы тәртіпке сәйкес, сотталған азаматтың ұялы телефон қолдануына рұқсат берілмеген», – деп хабарлады Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.
ҚАЖК өкілдері Мухамедиұлының әлеуметтік желідегі парақшасында аштық туралы жазба қалай жарияланғанын тексеретіндерін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық