«Қинап өлтірген»: Жаркент гарнизонында қаза болған әскери туралы тың дерек шықты
Фото: Қорғаныс министрлігі
Кеше, 14 қараша күні Жетісу облысында оқу-жаттығу кезінде капитан қаза тапты. Марқұмның туыстары қайғылы жағдайдың мән-жайын айтуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Офицер Дәулет Нұрланұлы жоспардан тыс өткізілген сабақ кезінде алған жарақатынан қайтыс болды деген ақпарат тараған еді. Бірақ марқұмның туыстары бұл мәліметке сенбейді.
«Өзіміздің Дархан. Неге десем, «білмеймін, үш солдат, бір офицер қинап өлтірген деп айтып жатыр, мына жақта» дейді. Жақсы дедім де, қойдым. Есімді жинай алмай отырдым. Марат ағамен сөйлескен кезде, жанында балалар тұрды, әскери полицияның бір офицері, подполковник айтты «иә, тұншықтырған, қылқындырған, барлық іздері бар, бәрін анықтамаға жазды» деп. Енді сараптаманы бір айдан кейін аласыңдар деді», - дейді марқұмның туысы.
26 жастағы Дәулет Нұрланұлы Алматы қаласындағы құрлық әскерлері институтында оқыған. Отарда біраз қызмет етіпті. Жаркенттегі 74 261 әскери бөліміне екі ай бұрын ғана ауысқан екен.
«Биыл 14 қарашада диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақ кезінде қауіпсіздік шарасын бұзу салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан қайтыс болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді. Құрлық әскерлері қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі» делінген ҚР Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері баспасөз қызметі жолдаған хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық