Үкіметте зейнет жасын төмендету талқыланады

cover

Вице-премьер Ералы Тоғжанов Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы айтты.

- Мәселе талқыланатын болады. Объективті түрде айтқанда оңай сұрақ емес. Біз халықаралық тәжірибені ескереміз. Халықаралық тәжірибе жалпы зейнет жасын төмендетуді көздемейді. Бұл мәселені мүгедек балалары бар аналар да көтеруде, - деді Тоғжанов Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, зейнет жасы туралы мәселе жыл соңына дейін әлеуметтік кодекс аясында БАҚ өкілдерінің қатысуымен талқыланатын болады.

- Тақырып күн тәртібінде тұр. Талқылаймыз, - деді Тоғжанов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар