Үкіметке олигархтармен байланыс-шатысы жоқ адамдар кіруі тиіс
Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Қасым-Жомарт Тоқавқа жаңа Үкімет құруға кеңес берді. Ол өз ұнысын Facebook парақшасында жазды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Ол өзінің жазбасын «халық сенетін үкімет құрыңыз» деп бастады.
– Қасым-Жомарт Кемелұлы, халық сенетін үкімет құрыңыз!
Ауыл шаруашылығына арналған аумағы өте үлкен ел Қазақстанда сәбіздің құны 735 теңгеге жетіп, 1,5 доллар құрап отыр. Және бұл - мемлекеттік субсидиялар жылдар бойы құйылып жатқан саладағы жағдай. Жайылым жоқтығынан мал аштан өліп, көтерем болып, қоқыс, картон жеп жатыр! Және бұның бәрі мың жылдар бойы мал баққан көне көшпенділер елінде орын алып отыр! - деді Тайжан.
Оның айтуынша, Қазақстандағы экономикалық саясат өте сорақы.
– Бабаларымыздан мұра болып қалған, келешек ұрпаққа тиесілі ұлттық қорымыз сарқылуға жақын тұр. Өткен жылы сол жылы түскеннің 96 пайызы жұмсалып кетті.
Енді үкімет азық-түлік бағасын әкімшілік жолмен реттегісі келеді. Онда Мемлекеттік жоспар жүйесін енгізіп, барша экономиканы мемлекет меншігіне өткізіңіздер! Бұл – адамның күлкісін келтіретін: «пойыз, тоқта, бір-екі!» деген анекдот қой. Нарықтық экономикада бағаны – бұйрық, жарлықтармен емес, ұсынысты көбейту арқылы түсіретінін естімеп пе едіңіз?
Экономикамыздың барша саласын тұралатып, жоғарыда баяндалған күйсіз нәтижеге жеткізген кландар мен олигархтық топтармен байланыс-шатысы жоқ адамдар Үкіметке кіруі тиіс екеніне бек сенемін.
Өз басым халық алдында жауапкершілік арқалап, елімізді экономикалық дағдарыстан шығаруға әзірмін! - деді қоғам белсендісі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық