Үкімет жиналысы: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қымбаттады
Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде Асқар Мамин орталық мемлекеттік орган басшылары мен өңір әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) және жанар-жағармай материалдарына (ЖЖМ) бағаны реттеу жөнінде кеңес өткізді.
Бұл туралы Orda.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Атқарылып жатқан жұмыстар туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Қарағанды облысы Жеңіс Қасымбек және т.б. баяндады.
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы тағы 0,2% өсті. Бұған жұмыртқаның 2,7%-ға қымбаттауы әсер етті. Жұмыртқа Маңғыстау (21,8%), Шығыс Қазақстан (16,6%) және Ақтөбе (12,1%) көтерілді. «Айналым схемасы» шеңберінде өңірлерде 167,7 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатып алынды. Ең көп жасалғаны нан (41 мың тонна), картоп, ұн және қант (71,6 мың тонна) қоры болды. Күнбағыс майын, қарақұмық, сиыр еті мен қырыққабатты сатып алуға қаржыландыру ұлғайтылатын болады. Нан бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында биылғы жылдың соңына дейін өңірлік тұрақтандыру қорларынан интервенциялар жүзеге асырылады, ал кейіннен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-дан арзандатылған бидай сатып алу арқылы жүзеге асады. Заңнамаға тиісті түзетулер мемлекеттік органдардың қарауында.
Ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін тасымалдауға тыйым салынды, биылғы сәуір айынан бастап дизель отынының экспорты тоқтатылды, Атырау МӨЗ-інде жоспарлы жөндеу жұмыстары 2022 жылға ауыстырылды. Осы жылғы 1 қыркүйектен 5 қазанға дейін РФ-дан 55,9 мың тонна дизель отыны импортталған. Павлодар мұнай-химия зауытының мұнайды бастапқы өңдеу кешенін жөндеу мерзімін 1 қазаннан 9 қазанға ауыстыру қосымша 30 мың тонна дизель отынын өндіруге мүмкіндік берді. Жөндеу жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың 4 қарашасына жоспарланған. Жыл басынан бері елімізде 78 млн тонна көмір өндірілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір өнімдерінің қажеттілік жоспарына сәйкес 2021-2022 жылдарға арналған тұтыну көлемі шамамен 9,2 млн тоннаға жуықты құрайды, оның ішінде 2,8 млн тоннасы – коммуналдық-тұрмыстық секторда, 6,4 млн тоннасын тұрғындар тұтынады. Бүгінде әкімдіктер 7,5 млн тонна көмір әкелді, бұл коммуналдық-тұрмыстық сектор қажеттілігінің 93,1%-ын және халықтың қажеттілігінің 76%-ын қамтамасыз етеді.
Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Шымкент қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында 87 тауар позициясы бойынша сауда үстемесін көтерудің 16 фактісін анықтады. Монополияға қарсы бақылау аясында дизель отыны нарығында бағаны төмендету туралы 19 хабарлама шығарылды. Мұнай базаларын, көтерме және бөлшек сауда жеткізушілерін дизель отынын өткізуді шектеудің негізділігі және оны ҚР аумағынан тыс жерге шығару мүмкіндігі тұрғысынан тексеру басталды. Премьер-министр өңірлердің әкімдеріне тұрақтандыру қорларын азық-түлікпен толықтыру және «айналым» схемасына қаражат бөлу жөніндегі жұмысты жандандыруды, сауда субъектілерінің сауда үстемесін бұзуы фактілері бойынша дереу шаралар қабылдауды, халықтың және коммуналдық-тұрмыстық сектордың қажеттіліктері үшін үздіксіз көмір жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
Үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің және инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асырудың маңыздылығын баса айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық