Үкімет утиль алым мөлшерлемесін төмендетіп, газ бағасын екі жыл көтермейтініне уәде берді
Фото: Колеса
Қазақстан үкіметі утиль алым ақысын төмендетіп, газ бағасын екі жыл қымбаттатпаймыз деп уәде берді.
«Ластандырушы заттардың шығарындыларын азайтуға, қалдықтарды және су ресурстарын басқару жүйесін жақсартуға, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру жалғасады. Көлік құралдары мен ауылшаруашылық техникасын утиль алымының мөлшерлемесі оларды айтарлықтай төмендету бағытында қайта қаралып жатыр» деді премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында.
Оның айтуынша, сарқынды суларды төгу көлемін, технологиялық қажеттіліктерге тұщы суды тұтынуды, өздігінен пайда болатын үйінділер санын азайту шаралары да жүзеге асырылады.
«Мемлекеттік басқаруды жаңғырту шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің қайталануын жою және оларды толық интеграциялау мақсатында бірыңғай IT платформаға көшу қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік органдардағы процестер мен рәсімдердің реинжинирингі жүзеге асырылады» деп қосты премьер-министр.
Ол үкімет инфляцияны бақылау және төмендету, тарифтік саясатты жетілдіру, қаржылық тәртіп пен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруға баса назар аударатынына уәде берді.
«Ішкі нарық қосымша 150 мың тонна сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етіледі. Шикізат пен тауарлық газдың бағасы 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін өткен жылдың желтоқсанындағы деңгейде бекітіледі» деп сендірді Смайылов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық