Үкімет шетелге кеткен капиталды елге қалай қайтаратынын мәлімдеді
Фото: offshorewealth.info
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов елден шетелге кеткен капиталды қайтару және қаражаттың кетуіне қарсы тұруға бағытталған шараларды күшейту туралы ұсыныстарды талқылаған кеңес өткізді.
Осылайша, Смайыловтың өкімімен Комиссия құрылып, оның аясында бес жұмыс тобы құрылды. Бұл жұмыс топтары қаржының сыртқа шығуын талдап, елге шетелден капиталды қайтаруды ынталандыру бойынша тиісті ұсыныстар әзірлейді, шектеу шараларын енгізеді, шығарылған капиталды қайтару шараларын қабылдайды.
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне валюталық бақылаудың жекелеген функцияларын беру жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Ынталандыру шараларының бірі алынған валюталық түсімдерді 80% айырбастау шартымен қайтаруға мәлімделген ҚҚС сомасын оңайлатылған қайтаруды ұсыну болып табылады.
Сондай-ақ, резидент еместерге дивидендтер төлеу бойынша салықтық жеңілдіктерді жою, байланысты резидент емес тұлғалар көрсететін материалдық емес қызметтер үшін шегерімдерге шектеу енгізу сияқты шектеу шараларын ұсынады.
Қазақстанның «Трансферттік баға белгілеу туралы» заңын жетілдіруге бағытталған нормалар әзірленді.
Сонымен қатар, елге капиталды қайтаруды ынталандыру, елден капиталды шығаруды салықтық әкімшілендіруді күшейту бойынша басқа да шаралар әзірленуде.
Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша президентке тиісті ұсыныстар жолданатын болады.
Еске салсақ, 2 ақпанда «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде Қазақстаннан шет елдерге ірі көлемде қаржы аударылғаны туралы ақпаратты талап етті.
Кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл тоқтатылған күдікті транзакциялар саны үш есеге артқанын, олардың жалпы сомасы шамамен 150 миллиард теңгені құрағанын хабарланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық