Үкімет негізгі өнімдер бағасының «нөлдік өсімі» туралы мәлімдеді
Премьер-министр Асқар Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағаларын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде өткен жиынға орталық мемлекеттік органдары басшылары мен өңір әкімдері қатысты, деп primeminister.kz хабарлады.
Қазіргі жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов және басқалары сөз алды.
Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0% болды. Қабылданған шаралар есебінен екінші апта қатарынан картоп (-0,4%), пияз (-1,3%) және сәбіз (-2%) бағасының төмендеуі байқалды. Бір апта ішінде қырыққабат бағасының өсу қарқыны 0,1%-ға дейін төмендеген.
Өңірлерде «айналым схемасын» қаржыландыру 47,9 млрд теңгеге жетті. Нысаналы деңгей 95,7%-ға қамтамасыз етілді. «Айналым схемасы» бойынша тиімді жұмыс Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында жүргізілді.
Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баға белгілеуде сөз байласқан іс-әрекеттері бойынша Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында тауық жұмыртқасын өткізетін 7 құс фабрикасына қатысты тергеу бастады. Тауық жұмыртқасы, құс еті және қант нарығы субъектілеріне бағалық сөз байласу белгілері мен түрлі бағалар қолдануына қатысты 12 хабарлама жіберілді. Шығыс Қазақстан облысының көтерме жеткізушісімен монополияға қарсы комплаенстің 1 актісі жасалды.
Жалпы, республика бойынша өндірушілер, көтерме жеткізушілер мен сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенстің 140 актісі жасалды. Премьер-министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету, сондай-ақ инфляцияның жалпы деңгейін 8,5% шегінде ұстап тұру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Өңірлер әкімдіктеріне «айналым схемасы» бойынша қаржыландыруды ұсынылған көлемге жеткізу, азық-түлік бойынша бес айлық қорды қамтамасыз ету, сауда желілері мен өндірушілер арасында форвардтық келісімшартты уақтылы ұйымдастыру тапсырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық