Үкімет мектептерге Қонаевтың есімін беруге дайындалуда
Үкімет Нұр-Сұлтандағы бірқатар мектептерге қазақтың көрнекті саясаткері Дінмұхамед Қонаев пен басқа да танымал тұлғалардың есімдерін беруге дайындалып жатыр.
Қаулы жобасына сәйкес, үкімет Нұр-Сұлтанда мынадай өзгерістер енгізеді:
1) № 11 мектеп-лицейге – Өзбекәлі Жәнібековтің есімі;
2) № 49 орта мектепке – Қошке Кемеңгерұлының есімі;
3) № 69 гимназия мектебіне – Кемел Ақышевтың есімі;
4) № 2 балалар музыка мектебіне - Роза Бағланованың есімі;
5) № 3 балалар музыка мектебіне – Ермек Серкебаевтың есімі;
6) № 66 мектеп-лицейіне – Дінмұхамед Қонаевтың есімі;
7) № 77 гимназия мектебіне – Фариза Оңғарсынованың есімі;
8) №83 мектеп-гимназияға – Ыбырай Алтынсарин есімі беріледі.
Дінмұхамед Қонаев – Коммунистік партия Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, Министрлер Кеңесінің төрағасы ретінде Қазақ КСР-ін 30 жылға жуық басқарған кеңестік партия және мемлекет қайраткері. Қонаевтың тұсында Қазақстанда айтарлықтай экономикалық өрлеу болды. Республиканың өнеркәсіптік әлеуеті, ауыл шаруашылығы айтарлықтай өсті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық