Үкімет басшысы әкімдіктер мен Ауыл шаруашылығы министрлігін сынға алды
Фото: primeminister.kz
Әлихан Смайылов Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде Тоқаевтың осы жылдың басынан бері берген тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді.
Кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және жастарды жұмыспен қамту мәселелері қаралды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының ең көп өсімі елордада – 1,5%-ға, Ақмола облысында – 1,4%-ға, Ақтөбе облысында – 1,1%-ға және Жамбыл облысында – 1%-ға тіркелді. Үкімет басшысы аталған өңірлер әкімдіктерінің, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің халықты қолжетімді бағада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын сынға алды.
Әкімдер мен Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрақтандыру қорларының минималды көлемін қалыптастырған жоқ, “айналым схемасы” бойынша жеткілікті қаражат бөлінбеген, сауда үстемелеріне бақылау нашар жүргізілген. Іс жүзінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу жұмысы бірізді атқарылып жатқан жоқ. Сіздердің міндеттеріңіз – халыққа бірінші кезекте қажетті тауарларды қолжетімді бағада қамтамасыз ету, — деп атап өтті Ә. Смайылов.
Премьер-Министр орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге азық-түліктің әрбір атауы бойынша бағаны бақылауды күшейтуді, тұрақтандыру қорларында қажетті көлемді қамтамасыз етуді және «айналым схемасына» қосымша қаржы бөлуді тапсырды.
Баға белгілеу тізбегін тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейтіп, бөлшек сауда нысандарының сауда үстемесінің рұқсат етілген мөлшерін сақтауын қадағалаңыздар, — деді Смайылов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық