Әкімдіктегі жанжал: Атыраудағы Абай ескерткішінің тағдыры не болмақ?
Фото: ҚазАқпарат
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов шенеуніктер сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінген Абай ескерткішінің тағдыры туралы сұраққа жауап берді.
Еске салсақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бақытгүл Хаменова мен Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Олар Атырауда 145 млн теңге сомасында Абай ескерткішін жасап, орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.
Үкімет отырысында журналистер аймақ басшысынан ескерткіштің тағдырын сұрады.
«Ескерткіш туралы шешім, қателеспесем, 2016 жылы қабылданған. Пандемия кезінде жұмысты жүргізе алмадық, биыл ескерткіш орнату жоспарда бар еді. Уақыттың шегерілуі де, шегерілмеуі де мүмкін. Тергеу әсер ете ме, айта алмаймын» деді Махамбет Досмұхамбетов.
Дегенмен, ол ескерткіш орнату жұмыстары тоқтатылған жоқ деп сендірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық