Кімдердің несиесі кешіріледі? - министрлік жауабы
Фото: ашық дереккөз
Қаржы министрлігі «Бюджет кодексіне» өзгеріс енгізіп, 90-шы жылдары мемлекет тарапынан кәсіп ашуға берілген қарызды кешіру мәселесін қарастырып жатыр.
31 арнаның хабарлауынша, 30 жылдан астам несиесін төлемей жүрген кәсіпорын иелері болса, олардың қарызы жойылады.
Заң тек заңды тұлғаларға байланысты. Қазіргі таңда мұндай несие 120 млрд теңгені құрап отыр.
Қаржы министрлігінің айтуынша, 90-шы жылдары кәсіп ашуға несие алған кәсіпкерлерді табу қиын, себебі ол кезде олар тіркелмеген. Сонымен қатар, жыл сайынғы есеп бергенде бұл қарыздар статистикаға кедергі келтіреді. Енді «Бюджеттік кодексте» «Өндіріп алуға үмітсіз берешек» деген ұғым енгізілмек.
«Үкімет жыл сайын есеп берген кезде осындай таптағы адамдардың берешегі тізімде тұрады. Бұндай деректердің бізге не қажеті бар» деді ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік кредиттеу департаменті директорының орынбасары Дархан Биниязов.
Бүгінгі таңда қайтарылмаған бюджеттік несиенің иесін әділет министрлігі мен азаматтарға арналған үкімет бірігіп жүргізіп жатыр.
«Бюджеттік кодекске» енгізілетін өзгерістер қазір қоғам талқылауына шығарылды. Екі айдан кейін құжат мәжіліске ұсынылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық