«Кім кінәлі?»: Шахин Оруджевтің өліміне қатысты іс екі жылға созылды
Фото: Жеке мұрағатынан
Жасөспірімдер арасындағы кикілжің бір сәтте қайғылы оқиғаға ұласты. 2023 жылдың қаңтарында 13 жасар Шахин Оруджев пышақ жарақатынан қаза тапты. «Кісі өлтірді» деген айып Арсен Мәжитке тағылды. Сот отырысы осы күнге дейін созылып, екі жылға жуық уақыт өтті. Ал іс бойынша алқабилер бірнеше рет ауысып, шешім әр жолы кейінге шегерілді. Кім кінәлі? Істің мән-жайын Orda.kz тілшісі анықтап қайтты.
2023 жылдың 21 қаңтарында екі топ болып жанжалдасқан жасөспірімдер арасында болған төбелестен 2009 жылғы Шахин Оруджев қаза тапты. Латифа есімді қызды біреулер ренжіткен деген әңгімеден кейін, шамамен 15-30 адамнан құралған топ кездесіп, сөзбен басталған тартыс төбелеске ұласты. Осы оқиғаға қатысқандардың арасында сотталушы орындығында отырған Арсен Мәжит пен екі кәмелетке толмаған жасөспірім де болды.

Шахинге пышақ сұғып, өлтірген деген басты күдікті болып Арсен Мәжит танылды. Алайда Арсеннің қорғаушысы бұл айыптаумен келіспейді және дәлелдердің жеткіліксіз екенін, іс барысында өте көп заң бұзушылықтар болғанын айтады. Адвокаттың айтуынша, негізгі айғақ – пышақ. Арсеннен бірден тәркіленген, бірақ ол пышақтан марқұмның ДНҚ іздері табылмаған. Бұл қорытындыны Алматы, Қарағанды, Павлодар және Астана қалаларындағы сараптамалар да растаған.

«Егер пышақпен расында соққы жасалған болса, әсіресе қыстың суық күнінде, қан мен ДНҚ іздері міндетті түрде қалар еді. Ал сараптама ешқандай белгі таппады», — дейді адвокат.
Қорғаушы тарап адвокаты пышақ ауыстырылуы мүмкін деген болжамды алға тартады. Өйткені Арсеннен алынған пышақ бірден тәркіленсе, екінші күдіктіден – пышақ бір күннен кейін алынған.
«Бір куәгер нақты айтты: «Мен Арсеннің қолынан пышақ көрмедім, ал жанындағы жігіттің қолында болды». Бірақ сол пышақ істің ішінде жоқ. Сондықтан біз пышақ ауыстырып қойды деп күмәнданамыз», — дейді адвокат.
Сот процесі екі жылдан бері тоқтаусыз өтіп жатыр. Осы уақыт ішінде алқабилер үш рет ауысты. Арсеннің адвокаты бірінші құрам Арсенге ақтау үкімін шығарғанына сенімді. Бұл туралы алқабилер сот процесі аяқталған кезде күдікті Арсен Мәжитке «Біз сені ақтаған едік» деген екен. Алайда үкім ресми түрде жарияланбады. Екінші алқалар құрамы да оны кінәсіз деп тапқанымен, судья үкімді бекітпей, істі прокуратураға қайтарды.


Қазір іс үшінші рет қаралып жатыр. Бұл жолы судья ауысып, қорғаушы тарап тағы да іс бұрмаланады деп қауіптеніп отыр.
Айыптаушылар Арсенге «кісі өлтіру» және «бұзақылық» баптарын біріктіріп, жалпы 10 жыл бас бостандығын айыруды сұрады. Екі мерзім де кәмелетке толмаған кезде жасалған әрекеттер үшін ұсынылған.
- 293-бап. «Бұзақылық» бойынша – 4 жыл 6 ай,
- 99-бап. «Адам өлтiру» бойынша – 7 жыл 6 ай.
Ал екінші айыпталушы тек бір бап, «бұзақылық» бойынша тергеліп жатыр. Шахин Оруджаевтың адвокаты Илхам Тагиев мұнымен келіспейді.
«Жәбірленуші жерде жатқан кезде екінші сотталушы Н. оны қолымен ұрып, аяғымен теуіп, денесінің әр жеріне жарақат салған. Сол кезде жәбірленуші тарапынан сұрақ туындайды: «Ол да соққыға қатысқандықтан, бұл қылмысқа қатысы бар адам саналады ғой?». Мен алдында да айтқанмын, олар жазаны шамамен бірдей көлемде алуы тиіс, себебі олар тікелей соққыға жыққандар. Криминалистикада мұндай ұғым бар: пышақ жарақаты өлімге әкелмеуі мүмкін. Алайда соққы нәтижесінде ішкі ағзаларға қан құйылуы мүмкін. Соның салдарынан адам қайтыс болған. Бұл – менің болжамым» – дейді Тагиев.
Арсеннің адвокаттары Арсеннің төбелеске қатысқанын мойындайды, бірақ кісі өлтіру бойынша айыпты негізсіз деп есептейді. Камера жазбалары да айтарлықтай айғақ бола алмады. Бірнеше дүкеннің алдындағы бейнебақылау жазбалары бар, бірақ олар нақты шабуыл сәтін түсіріп үлгермеген. Кейбір куәгерлер Арсенді төбелестен кейін бірден ұстағанын айтып отыр. Ал екінші пышақтың қайда кеткені белгісіз.
Шахиннің ата-анасы не дейді?
Қаза тапқан баланың отбасы мен олардың адвокаты Арсеннің кінәлі екеніне сенімді.
«Мен сарапшыдан: «Марқұм Шахин дәл осы жарақаттан қайтыс болды ма?» деп сұрадым. Ол растады. Ал оны кім салды дегенде – Арсен деді. Бұл тікелей сотта айтылған», — дейді жәбірленуші тараптың қорғаушысы.
Дегенмен адвокат нақты пышақ салып жатқан сәтті ешкім көрмегенін мойындайды. Бірақ куәгерлердің сөзі мен жанама дәлелдер, айыптаушы тараптың айтуынша, Арсенді кінәлі деп айтуға жеткілікті.
Айта кетер жайт, марқұмның анасы тараптардың бітімге келуінен бас тартқан. Тіпті моральдық шығын талап етуден де бас тартыпты.
«Анасы нағыз ерлік көрсетіп тұр. Ұлының қанын сатпаймын деді. Қан сатылатын нәрсе емес. Әрине, біз 18-ғасырда да, 19-ғасырда да өмір сүріп жатқан жоқпыз. «Қанға қан» дейтін заман емес. Құранда да «қанға қан» деп жазылған. Бірақ біз зайырлы қоғамда өмір сүріп жатырмыз, бізде заң бар, мемлекет бар. Сондықтан шешім заңға сүйене отырып шығатынына сенеміз», — дейді адвокат.
5 мамыр күні айыпталушының соңғы сөзі тыңдалуы тиіс еді, бірақ алқабилердің бірі сырқаттанып қалып, отырыс кейінге шегерілді. 14 мамыр күні судья кеңесу бөлмесіне кетіп, үкім шығаруы мүмкін.
14 мамыр күні сот отырысы басталғаннан, судья Еркін Майшынов сот залындағы журналисіміздің қатысқанына қарсы болды. «Сотталушылар кәмелеттік жасқа толмағандар, осыны біле тұра сот отырысына не үшін келіп тұрсыз?» деді Майшынов.
Тілшіміз сот отырысына дейін сотталушы Арсен Мажит пен жәбірленуші тараптың ата-анасының рұқсатын алған еді. Сондай-ақ, екі сотталушы да кәмелеттік жастан асқан адамдар. Екінші сотталушы Н. ата-анасы, балаларының жеке ақпараты жарияланбайтын жағдайда ақпарат таратуға рұқсатын берді.
Соған қарамастан судья Майшынов, кеңесу бөлмесіне кетті. Келген кезде сот жабық өтетіні жайлы хабарлады. Сот залынан журналистер мен тараптардың ата-атаналары қуылды.
Айыпталушылардың соңғы сөздері тыңдалып, кешкі сағат алтыда сот үкімі шықты.
Жаза ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына ауыстырылып, Арсен Мажит 10 жылға сотталды.
Алайда әкесі Әнуар Иманбековтың мәліметіне сәйкес, алқабилер біз оны «ақтап шыққан едік» деп айтқан еді. Кейін 6 нөмірлі алқабилер мүшесінің мас болғаны анықталды.
Арсен Мажиттің ата-анасы алқабимен көрісуді талап еткенмен, сот қызметкерлері іштен жауып алып, сотқа ешкімді кіргізбеді.
Арсен Мажиттің адвокаты Әлібек Секеров апелляцияға арыз беретіндерін мәлімдеді
Жаңалықтар
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
- Тәшиевке төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды ма? Адвокат өз сөзінен бас тартты
- Заңсыз кіріс өндірілді: Ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 4 жылға сотталды
- Швейцария соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты
- Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады
- Дәрігерлер әйелден салмағы алты келіден асатын ісікті алды
- Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы береді