«Киімдеріміз жыртық»: Атырау облысындағы газ өңдеу зауытында шу шықты
Фото: freepik.com
Атырау облысы Мақат ауданы Ескене елді мекеніндегі газ өңдеу зауытының жұмысшылары басшылыққа наразылығын білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жұмысшылар басшылықтан жалақыны көбейтуді, вахта мерзімін 30 күннен 15 күнге дейін қысқартуды, арнайы киім беруді, басшылық құрамын ауыстыруды және жұмыстан шығарылған қызметкерлерді жұмысқа қайта алуды талап етті. Жұмысшылар бірнеше күн бұрын президентке мәлімдеме жолдаған.
«Киімдеріміз жыртылған, аяқ киіміміз тозған, ал жаңасын бермей жатыр. Басында екі арнайы киім береміз деп уәде берді. Енді мәселе шешілгендей болды. Басшылық 3-4 күн уақыт сұрап отыр. Күтеміз. Шешілмесе, тағы талап етеміз», - деді жұмысшылар.
Компания жетекшісі Мақсат Қадырқұлов жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, шу шығарып жүргендер жұмыстан шығарып жібергендердің жолдастары екен. Ал басшылық жұмыс істегісі келмейтін бес-алты жұмысшыны жұмыстан шығарған. Оның сөзінше, 1500 адамның 50 шақтысы талап айтқан.
«Жұмысшылар арасында сауалнама жүргізген кезде басым бөлігі 28/28 вахта әдісіне келісіп отыр», - деді компания жетекшісі Мақсат Қадырқұлов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық