Киікпен суретке түсуге тыйым салынады – Экология министрлігі
Фото: ашық дереккөзден алынды
Жақында желіде киіктің құралайын құшақтап түскен актриса Альмира Тұрсынның суреті қызу талқыға түсті. Ол фотосессия министрліктің рұқсатымен жасалды деп мәлімдеген. Түсірілім алаңында арнайы мамандар болғанын да айтып өткен. Дегенмен мамандар фотосессия құралайға жаман әсер ететіндіктеріне сенімді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Зоологтардың айтуынша, шаранасы кеппеген киік құралайына адам иісі сіңіп қалса, енесі үркіп, оны қабылдамай қоюы мүмкін. Ол өз кезегінде құралайдың азықсыз қалып, аштан өлуіне әкеледі. Министрлік жануардың төлдеу кезін бақылауда ұстау керек.
Бұған дейін, экология министрлігі «түсірілім киікке еш зиян тигізбейді» деп сендірген.
Ал мамандар Қызыл кітапқа енген киіктің төлімен суретке түсу сәнге айналса, жағдай қиындайды деп дабыл қақты.
Енді министрлік бейне, фото түсірілімдерге тыйым салатын заң жобасын әзірлеп жатыр.
Сондай-ақ, осы салаға жауапты экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары болған Ерлан Нысанбаев қызметінен кетті.
Орнына трансшекаралық өзендер департаментін басқарған Әлия Шалабекова келді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық