Киік еті қауіпсіз емес пе? Ауыл шаруашылығы министрлігі не дейді
Фото: Pixabay
Telegram-арнадағы «Қазақтың чувашы» парақшасының авторы Кирилл Павлов киік етін тұтынудың қаупі туралы жазба жариялады. Бұл ақпаратқа Ауыл шаруашылығы министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Блогер киіктер көшіп жүретін ластанған аймақтардың карталарын ұсынған болатын.
«Киіктер сатылап көшуді жақсы көреді, ал бізде түрлі көміліп жатқан зиянды орындар көп» деп жазды ол.
Павловтың айтуынша, киіктер осындай қауіпті аймақтардан өту кезінде сібір жарасы, эхинококкоз, туляремия, оба және басқа да ауруларға шалдығуы мүмкін. Сонымен қатар, киікті далалық жағдайда соятын болса, оның еті ауру ма, жоқ па – анықтау өте қиын. Себебі ол жерде талдау, ветеринарлық бақылау, зертханасы жоқ.
Министрліктің мәлімдеуінше, алаңдауға негіз жоқ – жағдай бақылауда.
Киік санын «Охотзоопром» мамандары реттейді. Ату аяқталғаннан кейін, жануарлардың сойылатын денесі рефрижераторлармен арнайы орындарға жеткізіледі. Онда ветеринарлар етті қарап, түрлі ауруларға, паразиттерге және радиация деңгейіне тексеріс жүргізеді.
Қазіргі таңда ел бойынша 6 облыста 24 арнайы пункт жұмыс істейді. Барлық нысандар санитарлық талаптарға сай — мұздатқыш камералар, су, союға арналған бөлмелер бар.
«Жануарлардың аса қауіпті ауруларын болдырмау мақсатында Ұлттық ветеринарлық референттік орталық киіктер популяциясына тұрақты эпизоотиялық мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар, киіктермен жайылымы мен суаттары ортақ ауыл шаруашылығы жануарларына да ветеринарлық қызмет тұрақты бақылау жүргізіп отырады» деп хабарлады министрлік.
Бүгінде Қазақстанда киікті сою және қалдықтарын жою ережелері бекітілген, сонымен қатар, консервіленген және жартылай бөлінген киік етіне ұлттық стандарттар енгізілген.
Ветеринарлық бақылау комитеті киік етін тек арнайы орындардан сатып алып, оның барлық құжаттарын мұқият тексеруге кеңес береді.
Биылғы мамыр айының басында егінді жайпап жатыр деп шағымданған БҚО шаруалары киіктердің санын реттеуді сұрады. Маусым айының басында Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында Сарыөзен өзенінен қырылып қалған киіктердің денелерін тазарту жұмыстары жүргізілді.
Осыған орай біздің тілшілеріміз «Ақбөкендер аштан қырыла ма? Ресейге өтіп кеткен жануарлар орала ма?» деген тақырыпта ғалымның пікірін берген болатын.
Жаңалықтар
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті