Киік атып, мүйізін сатқан екі қылмыстық топ ұсталды
Еліміздің Батыс өңірлерінде киіктерді заңсыз аулап, мүйіздерін сатумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды.
«ІІМ Криминалдық полиция департаменті Батыс Қазақстан облысының полицейлерімен бірлесіп, киіктерді заңсыз аулап, мүйіздерін сатумен айналысқан екі қылмыстық топты ұстады. Бұл топтардың 11 мүшесі қылмыстық жауапқа тартылады. Олар өткен жылдың қыркүйек айынан бері облыс аумағында браконьерлікпен айналысқан», - деді ресми өкіл министрлік ұйымдастырған брифингте.
Жауапқа тартылған қылмыскерлерді тергеу барысында 700-ден астам киік мүйізі, 9 атыс қаруы, 7 автокөлік, 2 қарда жүретін көлік және 2 мотоцикл тәркіленген. Ең сорақысы, жойылып кетуі қаупі жоғары киіктерді ату арқылы экологияға 700 млн теңгеден астам шығын әкелген.
«Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Айта кетейік, жыл басынан бері ішкі органдар табиғат қорғау заңнамасын бұзған 12,5 мың фактіні анықтады. Сотқа дейінгі 583 тергеу басталды, оның ішінде 221 қылмыстық іс сотқа жолданды. 12 мыңға жуық құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды», - деді Н. Ораз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық