Киевте адамдар қираған дүкеннен азық алып, ақысын тастап кеткен
Фото: Бахтияр Хамит
Желіде жарылыстан кейін қирап қалған дүкендердің бірінің суреті жарияланды. Ең қызығы, ол жерден ештеңе ұрланбаған.
«Киевтегі дүкендердің бірі. Жарылыстан кейін ол жерде есіктер бұзылып, ашық қалған. Адамдар керектісін алып, ақшасын сонда қалдырған. Осыдан кейін Алматыны еске алып, ұяласың» деп жазды журналист Бақтияр Хамит.
Қазақстандық қолданушылар украин халқының бұл әрекетіне тәнті болды.
- «Қандай тамаша, саналы халық. Алла разы болсын оларға, президенттеріне. Осы жерден-ақ, олардың ақылдылығын көруге болады».
- «Біз Украинаны әртүрлі қырынан танимыз. Халық, президент, олардың адалдығы, мақтанышы. Олар адамгершілігі мол, шыншыл халық ретінде ел есінде қалады».
- «Біздің адамдар Киевте болса, бар ақшаны өзіме қалдырар едім деп ойлайтын шығар» делінген фотоға жазылған пікірлерде.
Украинаның ішкі істер министрлігінің кеңесшісі Антон Геращенкоға сілтеме жасаған ТСН телеарнасы Украинаның ешбір қаласында тонау фактілері болмағанын хабарлады.
Еске салсақ, Қазақстанды қаңтардың басында жанар-жағармай бағасының қымбаттауына байланысты наразылықтар шарпыған болатын, ол жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Алматыда қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер салдарынан тонау мен ұрлық бойынша 1,5 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды. Еліміздің полицейлері ұрланған 288 млн теңгенің мүлкін әшкерелеп, тәркіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық